Дәнекерлеуге қажетті 1000-ға тарта электрод ұрлаған екеу ұсталды

Дәнекерлеуге қажетті 1000-ға тарта электрод ұрлаған екеу ұсталды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өндірістік үй-жайындағы қоймасына ұры түскенін жеткізді. Яғни белгісіз біреулер жәбірленушіге тиесілі контейнердің құлпын бұзу арқылы, онда тұрған «Kobelco LB-52» маркалы әрқайсысының ішінде шамамен 100 данадан электроды бар 9 қорабын, 1 дана «Alteco» маркалы болгаркасын ұрлап кеткені көрсетілген.
Келтірілген шығын көлемі 400 мыңды құрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Жедел уәкілдер бірнеше күн қатарынан жан-жақты іздестіру шараларын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын аумақтарды қарап шықты.
Нәтижесінде күдікті ретінде жетісайлық 2 жас жігіт анықталды, олардың бірі бұрын осы мекемеде жұмыс жасаған. Сезіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.
Белгілі болғандай, күдікті екеу оңай жолмен пайда табуды көздеген. Содан қарауылдың тамақтануға кеткен сәтін пайдаланып, ұрлыққа түскен. Бөтеннің мүлкін жасырып, сатып жібермекші болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылы, жылдам әрекет етуінің арқасында ойларын іске асыра алмай, дер кезінде ұсталды.
Қазіргі таңда іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста