«Дәретхананы да тазалайды»: Алматыда мешіт тазалайтын балаға имам велосипед сыйлады

«Дәретхананы да тазалайды»: Алматыда мешіт тазалайтын балаға имам велосипед сыйлады

Алматыда мешіт тазалаумен айналысқан оқушыға имам велосипед тарту етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқушының анасы Алатау ауданына қарасты Дархан мешітінің тазалығына жауапты болған. Мұратбек есімді оқушы жамағаттың таза жерде намаз оқуын өз мойнына алған.

«Мұратбектің анасы мешіт тазалайды. Мешітіміз таза боп тұратын болса, соның ішінде Мұратбектің 50 пайыз үлесі бар. Тарауыққа шығып бара жатқанда үнемі бір жағдай қайталанатынын көремін. Басқа балалардың шашып жүрген нәрсесін бұл жинап жүреді. Ол да бала ғой. Анасының шаңсорғышына  су құйып алып, астына қарай түсіп келе жатады. Астыңғы қабатты тазалау үшін біз намаз оқып болғаннан кейін келеді», - деді Дархан мешітінің имамы.

Дін қызметкерлері Мұратбек есімді оқушының жасаған ісі балалар тұрмақ, ересектерге де үлгі екенін айтты.

«Біздің істей алмай жүргенімізді істеп жүр. Сосын Қадір түнінде бір бүлдіршінді қуантсақ деп ойландық. Кейде ол да балалармен ойнап кетеді. Анасы «әй» деген кезде, өзін жиып алып тазалыққа қайта кіріседі. Дәретхананы да осы бала тазалап жүр. Алла Тағала разы болсын»,  - деді оқушыға бағалы сыйлықты тарту еткен мешіт қызметкері.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста