Дәрігердің де, науқастың да құқын қорғайтын заң керек

Дәрігердің де, науқастың да құқын қорғайтын заң керек

Соңғы кезде дәрігерлердің қатесінен болған өлім-жітімге байланысты дау-дамай өршіп тұр. Бұрын да аз емес еді, енді тіпті бой берер емес. Көбіне дәрігерлердің қатесінен науқасы асқынып, қол-аяғынан айырылып, тіпті ажал құшып жатқандар да бар. Мұндай жағдай орын алғанда көбіне науқас өз құқығын қорғай алмай пұшайман болып жатады.
Дәрігердің кінәсін мойнына қойып, дәлелдеп беру де қиын. Дәрігерлер де өз кезегінде науқастардың ауруы әб­ден асқынғанда келетінін айтып ақталуда. Қай жағынан алып қарағанда да, дәрігерлердің кінәсіне келгенде, таразы ба­сы ауыр тартып кете береді. Мүмкін, ақ халаттылардың өз қателігіне сай қылмыстық жауапкершілікті де қатаңдату ке­рек шығар? Медицина мамандарының да, науқастардың да құқығын қорғайтын бөлек заң әзірге жоқ. Дәрігерлерді қыл­мыстық жауапкершілікке тартатын заң ҚР Қылмыстық кодексінде қарастырылған. Алайда талай жыл осы салада тер төгіп жүрген мамандар арнайы заңның қабылданғанын қа­лайды. Әрі дәрігерлердің де құқығы аяққа тапталмауы на­зардан тыс қалмаса екен дейді. Ол үшін Медицина ма­ман­д­арының кәсіби жауапкершілігі туралы және Па­циенттердің құқығын қорғау туралы заң әлбетте керек деп са­найды... АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мәліметі бойынша, жыл сайын ауруханаларда медициналық қа­те­ліктің салдарынан 44 мыңнан 98 мың адамға дейін көз жұ­мады екен. Оның басты себептері – дұрыс диагноз қой­мау мен дәрілерді шектен тыс асырып жіберу. ТМД ел­де­рін­де мұндай статистика жүргізілмейді. Өткен жылы Жам­был облыстық онкологиялық диспансерінде 12 адам көз жұмған. Прокуратуралық тексеруден анықталғанындай, екі адамды ажалдан арашалап қалуға мүмкіндік болған көрінеді. Бірінші науқасты емдеуде дұрыс ем қол­да­ныл­маған. Екінші науқас қан құюдан кейін екінші тәулікте қайтыс болған. Екеуі де дәрігерлердің кінәсінен екендігі дәлелденді. Мұндай мысалдар жетіп-артылады.
Дәрі­гер­лерге адам өлу үшін емес, көмекке мұқтаж бол­ғандықтан ке­леді. Егер заң қолданысқа енгізілсе, екі жақ­тың да құ­қығы қорғалар еді. Медицина мамандарының кәсі­би ісін са­раптау құқықтық жағынан өте төмен қарас­ты­рыл­ған. Бұ­рыннан келе жатқан емдеу тәсілі қолданылса да, сот-са­рап­та­ма қызметі көптеген қиындықтарға душар бо­ла­ды.
Дәрігердің қателігі немесе ба­қыт­сыздық жағдайынан болғанын анықтау мүлдем қиын. Ал жаңа әрі қауіпті әдіспен емдеу ісі құқықтық жағынан қаралмаған. Әлемдік қа­­­уымдастықтың мойындайты­нын­­да­йы да бар, медициналық көмек көрсету са­ла­сындағы келеңсіздіктерді қатаң жаза­лауды бірінші орынға шығару керек. АҚШ, Швеция, Испания, Голландия, Қытай, Жа­по­ния сынды елдерде медицина қызмет­керлерінің жауапкершілігіне заң жағынан қатаң қарайды. Ресейде науқастың өміріне зиян келтіргені үшін үш жылға дейін бас бос­тандығынан айырып, аурухананың ай­на­ласына жолай алмайтындай етіп, алас­тап жібереді. Ал науқасты арғы дүниеге аттандырып жіберген жағдайда бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қылмыстық заңнаманы салыстыра қара­ған­да, Қазақстан мен Ресейдің заңдары ұқсас келеді. Медицина қызметкерлерін жауапкершілікке тарту ҚР Қылмыстық ко­дек­сінде қарастырылған. Өз қызметіне салғырт қарау бойынша ҚР ҚК 114-бабы бар. «Азаматтардың конституциялық құ­қы­ғы­на нұқсан келтіру» бойынша 144-бап, «Дәрігерлік құпияны жария ету» бабының 2-бөлімінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексі бойынша медицина мамандарына «Абайламай өлтіріп алу» бойынша 101-бап, науқастың органдары мен тканьдерін заңсыз алу 113-бап, (ВИЧ/СПИД) дертін әдейі жұқтыру бойынша 116-бап, заңсыз аборт жасау 117-бап, науқасқа көмек көр­­сет­пеу бойынша 118-бап, психо-не­вроло­гия­лық стационарға күштеп жатқы­зу бо­йынша 127-бап, адамдарды сату 128-бап, сәбилерді ауыстырып қою бо­йын­ша 134-бап, баланы асырап алу­ды жа­рия еткені үшін 135-бап, есірткі зат­та­рын психотропты заттарды жасағаны, сақ­тағаны үшін 259-260-баптар бо­йын­ша қылмыстық жауапкершілікке тарты­ла­ды.
Ресейлік ғалым В.Новоселов дәрігер­лерді қылмыстық жауапкершілікке тартуда сот және құқық қорғау органдары қызмет­керлерінің медициналық білімінің болмауы көп кедергісін келтіретінін айтады. Емдеу­де, ота жасау кезінде кеткен кемшілікті мойнына дәлелдеп жүктеу де оңайға соқпайды. Дәрігерлерге айып тағуға көбіне науқастың, туыстарының арызы себеп болады. Көбіне қылмыстық жауапкерші­лікке хирургтер, акушер-гинеколог, тера­певт, педиатр, стоматологтер, жедел жәр­дем қызметкерлері мен фармацевтер тар­тылады екен. «Здоровая Азия» қоғамдық қорының президенті Нағима Плохих: «Елі­мізде пациенттердің құқығын қорғайтын заң қабылдануы тиіс. Осылайша денсау­лық сақтау саласын жайлап кеткен жемқор­лықтан құтылуға болады. Пациенттің құқы қорғалмаған. Осы уақытқа дейін дәрігер­лерге қарсы қозғалған сот отырысында бірде-бір науқас өз құқын қорғай алған жоқ. Денсаулыққа жауапты министр бала­ларға салынған әр екпені қатаң қадағалап отыруы тиіс. Қытайда балалардың құр­ғақ сүттің құрамындағы меламиннен жап­пай улануынан кейін министр мен қол ас­тын­­дағыларды ату жазасына кескені бел­гілі. Бізде пациенттер дәрігерлерді жа­­заламақ түгіл, өз құқығын қорғай ал­майды. Осы жылдың аяғына дейін осы заң жобасы парламенттік тыңдаудан өтеді деген үміті­міз бар», – деген болатын. Осыдан кейін меди­цина саласындағы қыз­мет көрсету деңгейі өседі ме деген үміт бар. Көпке топы­рақ шашуға болмас. Ақ халаттылардың арасында бір қарын майдың обалына қалып жүргендер де жетерлік. Атаулы заң қолданысқа енгізілсе, медицина қызметкерлерінің өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби міндеті арта ма деген үміт қой біздікі... Бүгінде ауру­ханаға жату үшін код алуды алынбас асу етіп қойды ғой. Кодқа қолы жеткенше науқас не жазылып кетеді, не өліп тынады. Осындай­да ауруханаға жатқызуды кәдімгі базарда­ғыдай саудаға айналдырып жүргендер де баршылық. Бұл – жүгі ауыр бөлек тақы­рып...

Заң және жаза
Заңсыз әрекетке барғандарды қай елде болсын басынан сипамайды. Американың Флорида штатында абортқа қарсы қозғалыстың мүшесі Пол Хилл 1994 жылы аборт жасауды үйреніп жүрген дәрігерді өлтірген. Осылайша оның өзі ату жазасына кесілді. Жапонияда қылмыстық заңының 29-бабы бойынша операция кезінде дене жарақатын салған не болмаса өлімге себепкер болған дәрігер қатаң жауапқа тартылады. Испанияның қылмыстық кодексінің 144,146-баптары бойынша адам өліміне себепкер болған жағдайда 4-тен 8 жылға дейін сотталады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста