Дауылдан кейінгі жағдай әлі қалпына келген жоқ

Дауылдан кейінгі жағдай әлі қалпына келген жоқ

Жамбыл облысындағы Қаратау және Жаңатас қалаларында қаңтардың 12-сінде болған дүлей дауылдың салдарын жою әлі жалғасып жатыр. Талас ауданында 46 әлеуметтік нысанның 15-і ғана жөнделген.
Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаратау қаласында көппәтерлі 123 үйдің 48-і бойынша жөндеу аяқталды. Ауданда дауыл зақымдаған нысандардың 11-і әлі жөнделіп біткен жоқ. Ал қалпына келген ғимараттардың ішінде бес мек­теп, бес балабақша мен үш денсаулық сақтау меке­ме­сі бар. 14 әкімшілік ғимараттың 8-і ғана жөнделген. Олар­дың дені – Қаратау қаласында. Әкімдік ма­ман­дары аудандағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы 40%-ға аяқталды деп отыр. Бұл жұмыстарға 52 мердігер мекеме жұмылдырылған. Сарысу ауданында жағдай 30%-ға қалпына келді. Көппәтерлі 64 үйдің – 9-ы, 41 әлеуметтік нысанның 21-і жөнделген. Аудан­дағы зақымданған нысандарды жөндеу 45 құрылыс ме­кемесіне жүктелді. Дүлей дауылдан соң жұмысы тоқ­тап қалған білім беру және денсаулық сақтау нысандары қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ал төтенше жағдай шығынын анықтау мен өтеу үшін құрылған комиссия жұмысын аяқтаған жоқ. Еске сала кетейік, қаңтардың 22-сі күні Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев қалпына келтірушілерге жұ­мысты жылдамдатуды тапсырған болатын. Дүлей да­уыл қаңтардың 12-сі күні болып, облыстың орта­лы­ғында, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл, Байзақ ау­дан­дарында барлығы 70-ке жуық елді мекен жа­рық­сыз қалды. Электр тарататын 375 нысан за­қым­данып, 45 шақырым электр желісі үзілді. Көпқабатты 425 нысанның шатыры ұшып кетті. Көшелерді құлаған ағаштар, шашылған құрылыс материалдары мен тұрмыстық қалдықтар басты. Қаратау қаласында жылу қазандығының мұржасы құлап, тұрғындар жылусыз, сусыз және көгілдір отынсыз қалған еді. Үкімет табиғи апат салдарын жоюға 800 млн теңге бөлді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста