ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейеспен Дәулет Тұрлыханов та құда болып шықты

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейеспен Дәулет Тұрлыханов та құда болып шықты

ДДСҰ директорының әлеуметтік желіде құдасы Жүрсін Ерманды 70 жылдық мерейтойымен құттықтаған видеосы жарияланды

Танымал ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адан Гебрейесуспен құда екені белгілі болды. Енді танымал ақынның жиенінің әкесі Дәулет Тұрлыханов екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.

 
Жүрсін Ерманның Ардақ деген кіші қызы грек-рим күресінен Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыхановпен отау құрған. Олардың үлкен ұлы Ерасыл Болат – дзюдо күресінен спорт шебері. Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Қарындасы Айдана Швейцарияда академия, Испанияда магистратура бітірген. Төрт жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейестің баласымен отау құрған.

Бүгін ДДСҰ директорының әлеуметтік желіде құдасы Жүрсін Ерманды 70 жылдық мерейтойымен құттықтаған видеосы жарияланды. Ол әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты Айдананың ағасы Ерасыл пікір білдірді.

«Біздің халық сынықтан сылтау іздеп отырады. Қуанышқа ортақтасуды білмейді. Менің туған қарындасым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына келін болып отыр. Бұл шынайы махаббат. Бұдан сенсация іздеудің қажеті жоқ», — дейді Ерасыл Болат.

azattyq-ruhy

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста