Денсаулық сақтау министрлігі Біртановтың ісі бойынша адвокатқа кедергі келтіргені үшін жазаланды

Денсаулық сақтау министрлігі Біртановтың ісі бойынша адвокатқа кедергі келтіргені үшін жазаланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі экс-министр Елжас Біртановтың адвокатының заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін 2021 жылы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты адвокаттың өтініші бойынша Денсаулық сақтау министрлігін адвокаттың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін айыпты деп танып, 40813 теңге айыппұл салды.

 
"Алайда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой департаменттің әрекеттерін түсіндіруге тырысты. Министрдің ойынша, оның ведомствосы адвокат Серік Сағалиевке Біртановты қорғау бойынша өзінің заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірмеген. Осыған байланысты сот қаулысына апелляциялық шағым жолданды", – деп жазады "Асат" адвокаттар кеңсесі.

2021 жылдың 8 шілдесінде Нұр-Сұлтан сотының апелляциялық инстанциясы министрлік адвокаттың заңды қызметіне кедергі келтіргенін растап, сот қаулысын өзгеріссіз қалдырыпты. 

Алайда министрлік адвокаттың қызметіне тағы да бөгет жасаған. 2021 жылдың 22 шілдесінде ведомство тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жарлық әлі күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Елжан Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімі тағы да ұзартылғаны жайлы айтылған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста