Еділ патшаға ескерткіш қойылды

Еділ патшаға ескерткіш қойылды

Еділ патшаның өмір тарихы, оның билігіндегі елдер, жүріп өткен жолдары, кейінгі ұрпақтың жадында қалған бейнесі туралы Франция мәдениет министрлігі аса жоғары бағалайды. Тарихи тұлғаларды қастерлеуді фран­цуз­дардың алғашқы орынға қоятынын көптеген игілікті істері дәлелдеп отыр. Франция елінде Аттилаға қатысты аталатын лагерь ЮНЕСКО-ның қамқор­лы­ғында екен. Аттила атында мұра­жай да бар. 3 маусымды Дүниежүзілік Аттила күні деп жариялаған. Сол күні Франция­ның Шепп қаласының орталы­ғына Аттиланың ескерткішін орнатты.
Осы ескерткіштің ашылу салтанатына Шепп қаласы мэрінің шақыруымен, Фран­циядағы Аттила қауымдастығының мүше­лері Ө.Байгелді, Ө.Қопабаев, Е.Ома­ров, Қ.Жұмағұлов, Х.Ғабжәлелов, Ж.Әкім, Ғ.Жә­­кеев сынды қазақстандық бір топ қо­ғам қайраткерлері мен тарихшылар барып қайт­қан еді. 
Өмірәлі ҚОПАБАЕВ, Д.Қонаев университетінің ректоры:
– Франция елінің ғұн империясы­ның бастаушысы Еділ патшаға  ескерт­кіш қойып жатқаны, игілікті іске бізді шақыруы – үлкен мәртебе. Польшаның түбіндегі бір шағын қалада сурет колледжі бар. Ескерткіш­тің авторы сол колледжде суреттен сабақ беретін әйел екен. Киіз үй етіп жасалған тұғырға ат үстіндегі Аттила бейнесі орнатылған. Міне,  осындай Еділ патша туралы тарихты білу жастар үшін керек.

Еренғайып ОМАРОВ, «Қайнар» университетінің ректоры, тарихшы:
– «Біз де ғұндардың ұрпағымыз» деп, біз барғанға дейін Моңғолия өкілдері келіп, киіз үй құрып, көк ту тігіп кетіпті. Осындай дүниежүзі атсалысып жатқан шараға біздің еліміз де қарап қалып жатқан жоқ. Біздің Ұлттық банк Аттила бейнесінде шығарған алтын монета Халықаралық конкурста бірінші орын алған еді. Біздің ұсынысымызды Астана қаласы­ның әкімі Иманғали Тасмағамбетов қолдап, Астанадан көше атын беруді комиссия қарап жатқанын мәлімдеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста