Еділбай қойы ұлттық бренд болуы тиіс

Еділбай қойы ұлттық бренд болуы тиіс

Түрікмендер ақалтекесімен мақтанады. Америкалықтар линкольн тұқымын көкке көтереді. Біздің бренд – дүниежүзіндегі қой тұқымдарының ішінде ең көп салмақ беретін және күтіп-баптауы аса көп қиындықты қажет етпейтін еділбай қойы. Десек те, XIX ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған еділбайды елеп-ескеріп тұрғанымыз шамалы, тіпті оған «ұлттық қой тұқымы» деген мәртебе беруді де кешіктіріп келеміз.
Бір қуанарлығы, атакәсіп – мал шаруашылығы бүгінде де өз мәнін жойған жоқ. Бұл салаға мем­ле­кет қамқорлық танытып-ақ жатыр. Соның нәти­же­сінде асылтұқымды мал шаруашылығы қанатын кеңге жайды. Алайда шаруашылық көбейгенімен, шаруа әлі де болса шатқаяқтап тұр. Мал шаруа­шы­лығындағы асылдандыру ісінің мемлекеттік инс­пек­торы Ж.Қой­ба­қов бес жыл бұрын Атыраудағы 12 асылтұқымды ша­руашылықта 88 мың қой бол­са, бүгінде 16 шаруа­шылықта 69 мың қойдың ба­рын айтады. Бұл – көңіл көншіте қоймайтын көрсеткіш.
Ұлттық қой тұқымы мәртебесіз қала бере ме?
Атырау облысындағы мал тұқымын асыл­дан­ды­румен айналысатын «Құрманғазы» өндірістік коопе­ративінде бүгінде қазақтың етті-майлы, құйрықты еділбай қойларымен қатар, асылтұқымды айыр өркешті түйе малы да өсіріледі. «Құр­манғазылық» қош­қарлардың орташа салмағы 110 келіні құрап отыр. Ұжымдағы тағы бір жаңалық – жергілікті мал шаруа­шылығы мамандарының ОМжҒИИ ғалым­дарымен бірлесе отырып, ақ жүнді, ақ қарабас еділбай қойының екі желісін жасақтап шығарғаны.
Әдетте еділбай қойының түсі 95 пайыз қара, қоңыр, қызғылт болып ке­леді, алынған жүнді басқа түске бояуға кел­мейді, ал ақ жүн өзінің физикалық-химия­лық қасиеттерін жоймастан бояла береді және нарықта қара жүнге қарағанда 40 пайызға қымбат тұрады. Ақ және ақ­шыл түсті қылшық жүндерге шетелдіктердің де сұранысы жоғары, олар бұдан еденге төсейтін линолеум жасап шығарады екен. Ал Иранда шығарылатын кілемдердің 8 па­йыз материалы осы ақ түсті қой жүнінен алы­нады.
Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шар­у­ашылығы ғылыми-зерттеу институты Атырау филиалының ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымының кандида­ты Елемес Абдошев: «Дүниежүзінің сауда ұйымдарында әсіресе қозы еті көп сұра­нысқа ие», – дейді. – Бұл ретте еділбай қозыларының алатын орны бөлек. Өйткені еділ­бай қозылары тез өсіп-жетіледі. Төрт айлығының өзінде салмағы 23 келіні тартады. Және еті дәмді, құнарлы, құйрық майы бағалы келеді».
Бұл саладағы бір қиындық – қойдың жүні мен терісін өткізетін жердің болмауы. Жемшөп базасын нығайтудағы жұмыстар да жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы саласы­ның ардагері Харес Биляшев  шөп алу маусымы кезінде жанар-жағармайдың және екпелі егіс тұқымдарының қымбаттап кетуі біраз проблема туғызатынын айтады. Соның кесірінен көпжылдық ақуызға бай беде егісі қолға алынбай келеді. Мал азығы – жемнің бағасы да арзан емес. Осы­ның бәрі айналып келгенде мал өнімі­нің нарықтағы құнының қымбаттауына әкеп соғады. Өнімнің толық өтпеуі, арзанға сатылуы біраз шаруашылықтың жұмысына кері әсерін тигізуде. Және бір мәселе – ауыл шаруашылығы саласына жастардың аз баруы. Әсіресе мал дәрігерлерінің жетіс­пе­уі ел ішінде ауру малдың көбейіп кетуіне әкеп соғуда.
Дәурен ҚАБДОЛОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық инспекциясының бастығы:
– Қазір ветеринария саласында жұмыс істеп жатқан мамандардың орта жасы 50-ді еңсерген. Жас мамандар аз, кейбір ауылдарда зейнет жасындағы мамандар қызмет­те жүр. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, мал дәрігерлерінің әле­у­мет­тік жағдайы, жалақысы көтеріл­месе, бұл мамандықтың шал-шауқанның кәсібі болып қалары анық.
Қойшының таяғы иесіз қалды
Шынында да, ауыл-елдегі малдың айналасында жүрген жастар бүгінде өте аз. Мектеп бітірген түлектердің арасында да атакәсіпті алға қоямын деп құрық ұстап кететіндері жоқ десе де болады. Тәжірибелі шопан кадрлар жайы бөлек әңгіме. Мал бағуға жаңаша көзқарастың қажеттігі осындайдан туындайды.
Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу институты­ның директоры Жәнібек Аралбаев та асылтұқымды малдың азайып бара жатқанына қапалы. «Шаруашылықтарда тіпті өсімге мал қалмай барады, – дейді ол, – көршілес елдер еділбай қойын бізден 25 мың теңгеге сатып әкетіп жатыр. Ал өзіміз Беларусь елінен әкелінген етпен қоректеніп отырмыз. Олардың еттерінің құрамында макроэлементтер аз кездеседі. Біздің еділ­байдың етінде холестерин аз, жеңіл қоры­тылады, диеталық тағам саналады. Бұл саладағы қожалықтардың жұмыстары кен­же­леп қалғаны өкінішті жайт. Осы қалыпта жүре беретін болсақ, барымыздан айыры­лып қалуымыз әбден мүмкін. Сондықтан да еділбай қойына ұлттық бренд, мәртебе беру мәселесін күн тәртібі­не шығарған дұ­рыс».
Мәліметтерге көз жүгіртсек, әлемдегі 14 түрлі қойда еділбай қойының қаны бар екен. Бұл оның бар қойдың атасы екенін тағы бір қырынан айғақ­тай­ды. Әрі жыл санап қой етіне деген сұраныстың артып келе жатқанын есеп­ке алсақ, бұл саланы дамытуға әзірден көңіл бөлгеніміз, тіпті инвесторлар тарту жайын көтергеніміз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста