Egov СБЕР-ге 500 миллион доллар бермейтін болды

Egov СБЕР-ге 500 миллион доллар бермейтін болды

Еліміз Egov-ты жасау үшін ресейлік СБЕР компаниясына осыншама қомақты қаржыны бермейтін болды. Енді отандық электронды платформамен өзіміздің ІТ компаниялар айналысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы бізге елордада өткен сараптама кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан айтып берді.

 
“Кешегі Бағдат Мусиннің сөзінше, бұған дейін қазақстандық компаниялар айналысты ғой, біздің Egov-імізбен. Бұдан былай да тек қана қазақстандық ІТ компаниялар айналысады. "Сбербанктің" мамандары емес. Ешқандай келісімшарт жоқ, әзірше. Тек меморандум бар. Меморандумның заңды күші жоқ”, – дейді сараптама кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан. 

Сараптама кеңесінің бірінші отырысына көптеген қазақстандық IT компаниялар, қоғам белсенділері қатысқан. Сол жиында министр Бағдат Мусин ресейлік Сбер компаниясының Қазақстандағы цифрландырумен айналыспайтынын, елдің цифрлық дамуымен тек отандық компаниялар шұғылданатынын жеткізіпті.

Кеңес мүшелері мәлімдеме жасағанымен, әзірге цифрлық даму министрлігінің ресми ақпараты шыққан жоқ.

Үкімет ресейлік СБЕР компаниялар тобының басшылығымен қыркүйекте ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған-ды. 500 миллион долларға бағаланған жоба көптің сынына ұшырап, қоғам наразылық білдірген. Олар келісім жүзеге асырылса, ел азаматтарының бүкіл жеке мәліметтері ресейлік компанияның қолына өтеді деп қауіптенеді. 

Еске салсақ, Бүгін 1 қараша күні Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында Қазақстанда тіркелмеген "Ел Тірегі" партиясы мен бір топ белсенділердің ұйымдастыруымен рұқсат етілген митинг болып өтті. Митингке жиналушылардың басты талабы цифрлық жүйені дамыту жолындағы Қазақстанның ресейлік "Сбер" платформасымен жасалған меморандумға қарсы шықты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста