Эйр Астана» әуе компаниясы мен Travelport компаниясы контент туралы алғашқы келісімге қол қойды

Эйр Астана» әуе компаниясы мен Travelport компаниясы контент туралы алғашқы келісімге қол қойды

Бүкіләлемдік туристік индустрия үшін бизнес-қызметтер ұсынушы Travelport компаниясы мен Қазақстанның «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы контент туралы ұзақ мерзімді келісім жасасты. Кеше тараптар бұл туралы Лондонда бірлесіп мәлімдеді. Дереу күшіне енетін жаңа келісімге сәйкес, Galileo және Worldspan жүйелерін пайдаланушылар бүкіл әлем бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясының барлық тарифі мен ресурсына қол жеткізе алады.
Travelport келісімі Қазақстан секілді стратегиялық маңызды елдерге одан әрі инвестициялаудың ағымдағы стратегия­сының бір бөлігі болып табылатынын рас­тады. Travelport сондай-ақ жуырда жер­гілікті туристік индустрияға одан әрі ин­­вес­тициялар тартуды қолға алмақшы. Travelport пен «Эйр Астана» арасындағы контент туралы алғашқы келісім қазіргі заманғы 22 ұшақ қызмет көрсететін 50-ден астам ішкі және халықаралық бағыт бойынша тарифтерге қол жеткізуді қам­титын болады. Келісімнің нәтижесінде «Эйр Астана» Travelport-ты брондаудың бәсекеге қабілетті көзі ретінде танып отыр. Демек, Travelport GDS жүйесін пайда­ланатын Қазақстандағы агенттіктердің ішкі бағыттар бойынша брондау қызметі еш­қандай ұсталымдарсыз жасалатын болады. «Эйр Астана» әуе компаниясының пре­зиденті Питер Фостердің айтуынша, Travelport компаниясының әлемнің әрбір ірі аймағындағы желілері ұлттық әуе тасымалдаушының бағдар желісін кеңейту жөніндегі қарқынды жоспарын толықтыра түседі. Бұл келісім жергілікті, аймақтық және ғаламдық нарықтардағы «Эйр Астана» сұраныстары үшін қызмет ететін болады. Travelport компаниясының Шығыс Еуропада бизнесті дамыту жөніндегі директоры Робин Рэнкен де қазақстандық әуе тасымалдаушымен контент туралы жасалған келісімнен көп артықшылық көріп отыр. «Қазақстан Республикасының туристік индустриясын инвестициялау – қазіргі стратегиямыздың бір бөлігі және елдің ірі әуе тасымалдаушысымен қоян-қолтық жұмыс істеу – біз үшін аса үлкен құрмет. Бұл ынтымақтастық осы туристік нарықтың әлеуетін іске асыруға септігін тигізеді», – деді ол контент туралы келісімді мәлімдеу шарасы кезінде. Айта кетейік, «Эйр Астана» – Халықаралық әуе көлігі қауым­дастығына ресми түрде тіркелген және Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің талап­тарымен әуе кемелеріне техникалық қыз­мет көрсетуге тиісті сертификат алған Қа­зақстандағы жалғыз әуе компаниясы. Ал Travelport болса – өз қызметін халық­аралық туристік салада жүзеге асыратын ком­панияларға коммер­циялық қыз­мет­тердің кең ауқымын ұсы­натын әлемдегі ірі компаниялардың бірі. 2009 жылғы та­быстары $2,2 миллиардты құраған бұл ком­пания өзінің қызметін әлемнің 160 елінде жүргізеді және оның 5000-нан астам қызметкері бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста