«Эйр Астана» жолаушылары еркін саяхаттайтын болды

«Эйр Астана» жолаушылары еркін саяхаттайтын болды

Шет мемлекеттерге жиі саяхаттайтын қазақстандықтар үшін енді қолайлы мүмкіндіктер туып отыр. Еліміздегі жетекші тасымалдаушы «Эйр Астана» АҚ ұлттық әуе компаниясы ТМД аумағына және өзге мемлекет­терге жаңа бағыттық рейстер ашып, ұшу кеңістігін кеңейте түсті.
Нақтысын айтар болсақ, алдағы бір жа­рым ай ішінде жүзеге асырыла бастайтын жаңа рейстер Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркия мемлекеттерін қамтымақ. Жоға­рыда аталған елдерге шығуды жос­пар­­ла­ған жолаушылар үшін әуе кемелері сапар­ға еліміздің ірі қалалары – Алматы, Астана және Атыраудан шығады. «Эйр Астана» АҚ ұлттық әуе компаниясының президенті Питер Фостердің айтуынша, алғашқы ұшақ қарашаның 21-і күні Душан­бе қаласының әуежайына тұңғыш рет қо­на­ды деп жос­пар­лануда. Жалпы, еліміздің оңтүстік астанасы­нан шығатын Fokker-50 әуе кемеcі Тәжікстан астанасына аптасына үш рет, дүй­сен­бі, сәрсенбі және жұма күн­дері қатынай­ды. Сол сияқты, қараша­ның соңғы жексенбісінен аптасына бір рет Ақ­тау-Ыстамбұл-Ақтау рейсі ашылса, ал­да­ғы желтоқсан айының екінші жұлдызынан бастап Airbus A 320 әуе лайнері жолаушы­ларды сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Өзбекстан астанасына жеткізіп тұрмақ. Дәл осы күні «Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясының жаңадан сапар­ға шығатын тағы бір ұшағы Санкт-Петер­бург­ты Алматы қаласымен аптасына екі рет тоғыстырса, желтоқсанның 8-інен жүзеге асырыла бастайтын Астана - Екатеринбург- Астана бағыттық рейсі аптасына үш мәрте орындалмақ. «Қазіргі уақытта Алматыдан Астанаға, содан кейін Мәскеуге, Астанадан Новосибирскіге қатынап жүрген ұшақтар санын болашақта арттырып, Ресейге шыға­рылатын бағыттарды 5-ке дейін көбейту көзделіп отыр», – дейді «Эйр Астана» АҚ ұлт­тық әуе компаниясының президенті Питер Фостер.
Питер Фостер, «Эйр Астана» АҚ ұлттық әуе компаниясының президенті:
– Жаңа рейстердің ашылуымен жолау­шылардың Қазақстанның торапты әуежайлары арқылы азиялық және еуропалық бағыттарға көбірек тран­зит­тік ұшулар жасауға мүмкіндігі болады. Әрі азаматтар еркін саяхаттаумен қатар, уақыты мен қаражатын үнемдемек. Біз үшін биыл жетістікті жыл болды, дағ­дарыс аяқталды. Жыл соңына дейін әуе жолы арқылы қатынаған жолаушы­лар­дың саны 2,5 млн-ға жетеді деп отыр­­­мыз. Жақында үш ел арасында келісілген Кедендік одақ бәрімізге кең мүмкіндік­тер ашатынына сеніміміз мол.
Еліміздегі жетекші әуе компаниясының ТМД елдері аумағына және өзге шет мемле­кеттерге жаңа бағыттық рейстерді ұйымдас­тыруы ұлттық тасымалдаушының аймақтық бағыттық желіні дамыту бойынша стратегия­сының жалғасы деуге болады. Айта кетейік, аталмыш әуе тасымалдаушысы былтыр Ал­ма­тыдан Бакуге, Бішкекке, Астана қаласынан Ресейдің іскерлік және өнеркәсіптік орта­лығы Новосібірге, Қытайдың батысындағы Үрімші қалаларына әуе байланысын орнат­қан болатын. Алдағы уақытта Астана-Самара-Астана, Алматы-Киев-Алматы, Ақтау-Амстердам-Ақтау, Алматы-Новоси­бирск-Алматы, Алматы-Бодрум-Алматы және өзге бағыттарға ұшулар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста