Екібастұзда ірі апат болды: Желіде оқиға орнынан видеолар тарады

Екібастұзда ірі апат болды: Желіде оқиға орнынан видеолар тарады

Екібастұз қаласында құбыр желісін жөндеп жатқан ТМ-2 учаскесінде ірі апат болды. Желіде оқиға орнынан видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңартылып жатқан аумақта тығын атылып кеткен. Салдарынан құбырдан су атқылап, шұңқыр бойымен су кеткен.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 18 мамырда таңғы сағат 06:30-да М.Жүсіп көшесі бойынша қайта жаңартылып жатқан учаскеде диаметрі 820 миллиметр тығыннан ақау шыққан.

"Қазір учаске судан ажыратылды. Апатты жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Екібастұзэнерго" ЖШС-ның мердігер ұйымының мамандары жұмысқа тартылды. Қалпына келтіру мерзімі күндізгі сағат 14:00-ге жоспарланған", - деді Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, қазір Екібастұзда жылу желілері мен құбырларды жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, былтыр қарашаның соңында Екібастұз қаласының жылу желілерінде  апат болып, төтенше жағдай жарияланды. Салдарынан қаланың бірнеше шағынауданы жылусыз қалды. Қалған бөлігінде де жылу мардымды болмай, тұрғындар қыстай тоңып шыққан еді.

Е.Базарқұл

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста