Екібастұзда мектеп директоры мұғалімге жүк көтерткізгені үшін жазаланды
Екібастұзда мектеп басшылығы мұғалімге жүк көтерткізгені үшін жазаланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ләззат Жакиянова мәлім етті.
"Біз шағымдардың екі фактісін қарастырдық. Екібастұз мектебінің директоры мұғалімді жөндеу жұмыстарына тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Ләззат Жакиянова.
Естеріңізге сала кетейік, Тереңкөл ауданының Береговое ауылының мектебінде АӘД мұғалімі оқушыларға дөрекілік танытқаны үшін тәртіптік жаза - қатаң сөгіс алды. Сонымен қатар білім бөлімінің бұйрығымен Береговое мектебінің директорына қатаң сөгіс жарияланды.
Мектепке дейінгі және мектептегі білім беруге қатысты барлық мәселелер бойынша 61-82-75 call-орталығына немесе 61-82-66 нөмірлері бойынша, сондай-ақ облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің ресми сайтына, Facebook және Instagram-аккаунтына жүгінуге болады.