Екібастұздағы оқушылар төбелесінің себебі анықталды
7-сыныптың оқушылары сабақтан кейін кездесуге алдын ала келіскен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Динара Ахметова №6 мектеп-лицейінің оқушыларының арасындағы жанжалдың себебін атады.
Оның айтуынша, 7-сыныптың екі оқушысы арасында төбелес болған, өйткені олардың бірі қызға қолдау көрсеткен.
«Оқушылар алтыншы сабақтан кейін футбол алаңында кездесіп, әңгімелесуге келіскен. Алайда соңында олар төбелесіп қалып, біреуі Екібастұз ауруханасына жатқызылды», - деді Динара Ахметова Instagram желісіндегі Pavlodarnews.kz парақшасында өткен тікелей эфирде.
Дәрігерлер оқушыға бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, мұрынның артқы жағының жабық сынуы, оң жағының көгеруі диагнозын қойды. Жанжалдың екінші қатысушысы дәрігерлердің көмегіне жұмсақ тіндердің көгеруімен жүгінді.
Динара Ахметованың айтуынша, мұғалімдерге болған оқиға туралы футбол алаңының жанында өткен балалар хабарлаған. Мектеп-лицейдің директоры ол кезде Алматыда біліктілікті арттыру курстарында болған.
«Басшылық тез әрекет етті, 15 минут ішінде жанжалға қатысушылардың ата-аналарын, мектеп директорын хабардар етті. Жедел жәрдем шақырылды», - деді Динара Ахметова.
Сынып жетекшісі баласының ата-анасымен үнемі байланыста болып, ауруханаға түскен балаға барған.
Динара Ахметованың пікірінше, мұғалімдер қажет нәрсенің бәрін орындап, ата-анасынан кешірім сұраған.
«Сондықтан оларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың қажеті жоқ. Мектеп директорының м.а. және сынып жетекшісіне тәрбие жұмысындағы олқылықтары үшін тәртіптік жаза қолданылды», – деді спикер.
Естеріңізге сала кетейік, 7-сынып оқушысы мектеп ауласында болған төбелестен кейін ауруханаға түсті. Қалалық білім бөлімінде зардап шеккен баланың анасының шағымынан соң тексеру қолға алынды. Сондай-ақ полиция тергеуді бастады.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары процессуалдық шешім қабылдайды.