"Экологиялық апат қаупі төніп тұр": Түркістан облысының тұрғындары дабыл қақты

"Экологиялық апат қаупі төніп тұр": Түркістан облысының тұрғындары дабыл қақты

Түркістан облысы Көктөбе ауылының тұрғындары дабыл қағуда. Олардың айтуынша, аймаққа экологиялық апат қаупі төніп тұр. Боралдай жағалауындағы қиыршық тас карьерінің жұмысын тоқтатуды талап етеді. Тұрғындар қиыршық тас алу өзеннің арнасын өзгертетініне және ұңғымалардағы ауыз судың деңгейі мен суармалы арықтардағы суды төмендететініне сенімді. Тіпті өзен егіндік жерлерді бүлдіре бастаған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көктөбе ауылының тұрғыны Бахысбай Бисеков бірнеше күннің ішінде Боралдай өзенінің жағасындағы бірнеше сотық жерінің су астында қалай қалып қойғанын түсіне алмайды.

"Ақпан айында тегіс жер болды. Мына жол - өткен жылы күзде ауыл тұрғындары жүрген. Машинамен, арбамен шөп тасыды", - деді Көктөбе ауылының тұрғыны Бахысбай Бисеков.

 
Бұдан өзге, ауылда өсіп тұрған қарағаштың жас көшеттері бір түнде су астында қалған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұның бәрі өзен арнасының өзгеруіне байланысты.

Экологиялық апаттан тек Бахысбай Бисеков қана емес, оның ауылдастары да қауіптенеді. Адамдардың айтуынша, алғашқы проблемалар 13 жыл бұрын, жағалауда карьер пайда болған кезде басталған.

"10 жыл бұрын біз бұл мәселені көтердік – осы карьер иесінің баласы он мықты рэкет жігіттермен бірге біздің ауылдағы жас жігіттерді ұрып тастады. Осыдан кейін қаншама жыл бойы қорыққанымыздан бұл мәселені көтермедік. Бірақ қазір бұл адам төзгісіз жағдайға айналды. Суару арықтарында су жоғалып кеткеннен кейін. Мыңдаған гектар егістік жер суармалы сусыз қалды", - деді Көктөбе ауылының тұрғыны Бимат Жайық.

Карьер өкілдерімен сөйлесу мүмкін болмады.

Аудан әкімдігі карьердің заңды негізде жұмыс істейтінін айтады.

"Былтыр да тұрғындар осы мәселені көтерді. Прокурорлар, полиция қызметкерлері және экологтар бар жұмыс тобы оқиға орнына барды. Жұмысты жарты жылға тоқтатты. Осы уақыт ішінде компания барлық құжаттарды жинады", - деді Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл.

Бірақ тұрғындар компанияның қиыршық тасты өндіруге рұқсаты өзеннен әлдеқайда төмен жақта екенін айтады. Әкімдікте бұл ақпаратты тексеруге уәде берді. Егер бұзушылықтар анықталса, олар келісімшартты бұзады. Ал тұрғындар жағдай өзгермесе экскаваторлардың астында жатамыз деп қорқытуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста