Елдос "Колобок" өз туған күнінде досына су жаңа көлік тарту етті (видео)
Көпке белгілі асаба әрі белсенді блогер Елдос “Колобок” жан жолдасына су жаңа көлік тарту етті. Ол өзінің 30 жас туған күнінде досына ерекше сый жасады.
Елдос ”Колобок” атымен көпке танымал блогер орда бұзар жасқа толды. Ол жақындары мен ағайынын, достарын, өнердегі әріптестерін, өнер өкілдерін қонақ етті.
Қуанышқа жиналғандар ақ тілегін жаудырып, ізгі тілегін білдірді.
Елдостың өзі жан жолдасына ерекше құрметін білдірді. Осылайша көлік кілтін тарту етті.
“Менің жақын досым. Мен оны жақсы көремін. Достығымыз үшін оған көлік мінгізгім келеді”, – деді Елдос.
Екеуі көз жасына ерік беріп, төс қағыстырып құшақтасты. Блогер өз анасына алғысын айтып, зор құрметін көрсетті.
“Мені дүниеге әкелгеніңіз үшін, мені тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін, мені бағып қағып махаббатыңызды бергеніңіз үшін, менің мамам болғаныңыз үшін рахмет. Осылай жастық шақты шығарып салдым, енді ересек өмірде қандай қызықтар болады екен? Қартаймай осылай күліп ойнап қуыыып жүре бергім келеді. Алыс жақыннан келген жақындардың бәріне АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН, мен ризамын сіздерге”, – деді Елдос.
Тойда түрлі номинацилар бойынша сыйлықтар табысталды. Өнер өкілдері қызықты оқиғаларды айтып, елді күлкіге қарық қылды.
“Бұл жігіт өзі ерекше алғыр бала. Менен де көп ақыл сұрайтын. Үйленер кезде де ақыл сұрап жүрді. Мен ақылды көп беріп қойғанмын ғой деймін. Кейін желіде белсенді болып, танылып кетті. Осындай жағдайға жетті”, – деді Нұрлан Еспанов.
Той үстінде қайырымдылық көп жасап, елге пайдасы тиіп жүрген блогер, актер, әзілкештер марапатталды.
“Өте жақсы басқосу болды. Ғұмырлы бол”, – деді Мадияр Серікбаев.
“Қолы ашық жігіт сияқты, Алла тағала жары екеуінің арманын орындаса екен”, “Өте керемет міне нағыз достық”, “Алла сендерге періште сыйласа екен“, “Дайыр жақсы жігіт, достықтарың мәңгі болсын”, “Ер адамның достығы мәңгілік болады, Алла тіл-көзден аман болып адал дос болып жүре беріндер”, – деп жазды желідегілер.