Елімізде күніне 383 мың теңге алатын футболшы бар
Елімізде күніне 383 мың теңге алатын футболшы бар. Ол қостанайлық Тобыл сапында ойнайтын өзбекстандық Игорь Сергеев. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қостанайлық «Тобылда» осындай легионер бар. Ол - өзбекстандық Игорь Сергеев. Негізі бұндай ақпараттар өте құпия сақталады. Бірақ, дәл осы жігіттің жалақысы байқаусызда жарияланып кетті және ол 300 мың доллар. Ұлттық валютаға шаққанда - 138 миллион теңге. Яғни, ай сайын 11,5 миллион, ал, күн сайын 383 мың теңге алады деген сөз. Мейлі ойнап жатсын, ойнамай жатсын, демалып-ұйықтап, білгенін істеп жатсын, осындай жалақы жүре береді. Қостанайда басқа проблема жоқ. Мәселенің бәрі реттеліп, тек келімсектерге ақша шашу ғана қалыпты, - деді ол желідегі парақшасына.