Елімізде ұн бағасы қымбаттады
2020 жылдың қазанында елімізде өткен жылмен салыстырғанда ұн бағасы келісіне 24,1 пайызға қымбаттап, 231 теңгеге жетті. Жоғары сұрыпты ұнның ең қымбаты астанада -  келісіне 308 теңге. Ең арзаны &ndash Павлодар қаласында, 154 теңге, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші сұрыпты ұн келісіне 181,5 теңгеден саудалануда. Былтырғыдан 17,3 пайызға қымбат. Ең жоғары баға Нұр-Сұлтан қаласында 253 теңге болса, ең төмені 134 теңге - Петропавлда.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 2,4 млн тонна ұн өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға кем.
Салыстырмалы түрде алар болсақ, 2019 жылы Қазақстада 3,3 млн тонна ұн шығарылған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдағыдан 14 пайызға аз.
Өңірлер арасында ұн өндірісінен Қостанай облысы көш бастап тұр: 716 тонна, өткен жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға артық. Одан кейінгі тізімді Шымкент 297,1 тонна көрсеткішімен Шымкент жалғайды. Көрсеткіш былтырғыдан 13,6 пайызға азайған. Көшбасшылар үштігін Ақмола облысы түйіндейді. 242,3 мың тонна ұн өндірілген. &ndash 4,5 пайыз.
8 ай қорытындысы бойынша ҚР экспорттық сұранысты толықтай жапқан. Импортқа жалпы өнімнің 0,4 пайызы шығарылған. 8,3 мың тонна. Былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Қаржылай есепте экспорт көлемі 264,6 млн АҚШ доллары. ТМД елдеріне 350 мың тонна ұн жөнелтілген. Басты импортер &ndash Өзбекстан.
Әлемнің өзге елдеріне 589,9 тонна ұн экспортталған. Ең көп көлем &ndash Ауғанстанға тиесілі.
Ұн өндірушілер қауымдастығының хабарлауынша, ұн бағасы тағы да көтерілмек. Оған бидайдың қымбаттауы себеп. Өткен жылдары бұл өнімнің бағасы қор есебінен тұрақтандырылған. Биыл ол таусылған. Енді елімізде нан және ұн өнімдерінің бағасы көтерілуі ықтимал.
 Эльмира Мәмбетқызы, СҚО