Елордада 31 жастағы әйел 16-қабаттан секіріп, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында 31 жастағы әйел көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп, қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД ақпаратынша, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.
"Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.
Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады.
Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу