Елордада 5 баласынан айырылған отбасы сәбилі болды
Арада бір жыл өткеннен кейін 5 баласынан айырылған Евгений мен Жанымгүл балалы болды. Бұл қуанышты хабарды журналист Ерқанат Көпжасар Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Қуанышты хабар! 5 жұлдызы сөнген Ситер отбасы Евгений мен Жанымгүл балалы болыпты. Жаратқан бір ауыртпалықтың артынан екі жақсылық жібереді, - деді ол.
Желі қолданушылары Ситердің отбасын сәбилі болуымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.
Еске сала кетейік, елордада жер үйлердің бірінен шыққан өрттен бір отбасының 5 бүлдіршіні қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға қыздардың ата-анасын ғана емес, дүйім жұрттың да қабырғасын қайыстырды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу