Елордада Журналистер аллеясын ашу жоспарланып отыр
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласында Журналистер аллеясын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Аида Балаева мәлімдеді.
«Тегін интернетке қосылу мүмкіндігін қарастыратын аллея тілшілер қауымының шығармашылығын шыңдайтын жер ғана емес, бас қаламыздың барша тұрғындары мен қонақтары үшін де ең сүйікті орынға айналады деп сенемін», - деп жазды ол.
Аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріп, еске алу тақталарын орнатылмақ.
«Аллеяны ашу мерзімін көшет отырғызуға ең қолайлы кезең күз маусымына ауыстырдық. Бұл бізге тағы бір бірегей жобаның аясында бас қосып, пікір алмасып, бірігіп игі іс атқаруға жол ашатын тамаша мүмкіндік болары сөзсіз», - деп толықтырды министр.