Елордалық ұстаздар марапатталды

Елордалық ұстаздар марапатталды

Өткен аптадағы Ұстаздар күні мерекесіне орай бірқатар елордалық мұғалімдердің білім беру ісіндегі ерен еңбегі лайықты бағаланып, қажырлы жұмысымен көзге түскендер марапатталды. Жылдағы дәстүр бойынша айтулы мерекеде Астанадағы таңдаулы білім ошақтарының қызметкерлерінің басын қосқан шара өтті.
Еліміздің бас қаласында балаларға бі­лім беретін барлығы 70 мектеп болса, он­да 11 мыңнан аса мұғалім ұстаздық іске ай­рықша үлес қосып келеді. Осынау ме­рейлі мамандық иелері Ұстаздар күні қар­са­ңында ұлықталған болатын. Астана қа­ла­лық әкімдігі мен қалалық білім бас­қармасы мұрындық болып, еңбегімен ерек­шеленген ұстаздарға арнайы сый­лық­тар тарту етуді көздеген екен. Салтанатты ша­раның рәсіміне Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева, Білім бас­қар­ма­сының бастығы Әсима Бимендина бас­таған педагогикалық еңбек ардагерлері мен білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Бұл жолы Астанадағы «Үздік мек­теп-2013» мәртебесі елордадағы №38 мек­теп-лицейіне бұйырып, аталған білім оша­ғына «Астана-Бәйтерек» кубогы мен 13 млн теңгенің сертификаты салтанатты ша­рада табысталды. Сонымен қатар ай­рық­ша жетістіктері үшін оқу-тәрбие ісінде ерек­ше жетістікке қол жеткізген 10 мұ­ға­лім­нің айлық жалақысына 50 пайыз мөл­ше­рінде үстеме қосылып, мерейін тасытты. Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері ара­сында Астанадағы №22 «Әлем» ба­ла­бақ­шасы үздіктер көшін бастап, кол­лед­ж­дер ішінде Астана политехникалық коллед­жі ең таңдаулылар қатарынан көрінді. Бұ­дан өзге қосымша білім беру мекемелері бо­йынша Өнер мектебі және арнайы ма­ман­дандырылған қосымша білім беретін №2 медико-психологиялық білім беру ұйы­мы үздік деп танылды. Ал «Ы.Алтын­са­рин» атындағы медаль бас шаһардағы №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әде­биеті пәні мұғалімі Бақытгүл Молдақашева мен Білім басқармасының әдіскері Ләйлә Мұ­қановаға бұйырды.
Тоқтала кететін жайт – өткен жұмада рес­публика бойынша үзілмес үрдіске ай­нал­ған «Жыл мұғалімі» конкурсы да Аста­на­да өз дәрежесінде өткен еді. Мәртебелі атақты №70 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қуатбекова жеңіп алып, оған елордадан баспана бұйырды. Ай­та кетерлігі, биыл мектеп мұғалімдерінің же­теуіне баспана кілті тапсырылған. Ал соң­ғы алты жыл ішінде Астана бойынша 2529 ұстаз қоныстойын тойлапты. Бұл да зор қуаныш екені айқын.
Білім және ғылым министрлігі ұстаздар қауымының еңбегін ескерумен қатар, әр­да­йым әлеуметтік қолдауды да жасап ке­ле­ді. Мысалы, 2008 жылдан бері 30 ел­ор­да­­лық ұстаз жоғары жетістігі үшін ҚР құр­­метті қызметкері атағын иеленсе, 49-ы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен ма­ра­пат­тал­­ған. Сондай-ақ мемлекеттік марапатқа 93 мұғалім қол жеткізсе, Білім және ғылым ми­нистрлігінің алғысхаты 341 оқытушыға бе­рілген. Қала әкімінің алғысхатына – 64, Бі­лім басқармасының арнайы құрмет гра­мо­­тасына 612 мұғалім ие болыпты.
Бақытгүл МОЛДАҚАШЕВА, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, №66 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
– 24 жылғы еңбегім ескеріліп, тұңғыш педагог «Ы.Алтынсарин» медалін алғаны­ма қуаныштымын. Мұндай жетістік ұстаз­дар­ды білім беру саласында алға қарай табысты еңбек етуге жетелейді деп білемін. Бұл – менің ғана емес, мен жұмыс істейтін жалпы ұжымның, №66 лицейдің абыройы. Айрықша құрметке ұсынып, қолдау біл­дір­ген мектеп ұжымына алғысым шексіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста