Ең ажарлы ауыл – Головацкий ауылы

Ең ажарлы ауыл – Головацкий ауылы

Жаркент өңірі екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, еңбек майданының майталманы Николай Головацкийдің ғасыр­лық мерейтойын атап өтті.
Украинаның Житомир қаласында дү­ние­ге келсе де, бүкіл саналы ғұмырын еліміздің оңтүстік-шығыс шебіндегі Жар­кент өңірінде өткізген қайраткер тұлға көзі тірісінде-ақ «Дала академигі» атанған еді. Білікті басшы ең ірі шаруашылықтың бірі «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы кол­хоз­ды ондаған жылдар ішінде республика ғана емес, Одаққа әйгілі агрофирма дәре­жесіне жеткізіп, тастақты жерге «Жастар» қалашығын тұрғызды. Жаркент жеріне жүгері өсіруде ғылым мен өндірісті ұштас­тыра отырып, үлкен жетістіктерге жеткізген де осы Головацкий болатын.
Осыдан он жыл бұрын тойланған 90 жыл­дығы қарсаңында қайраткердің есімі беріліп, бүгінде Жаркент ауылдық окру­гі­нің орталығына айналған ауыл ғасырлық мерейтойға жиналған қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Мерейтойлық шаралар шеңберінде ауылда дәрігерлік амбу­ла­то­рия пайдалануға берілді. Көпшілік Го­ло­вац­кий мұражайын, Еңбек Ері жайындағы фильм мен театрландырылған көріністерді тамашалады. Сол күні Николай Голо­вац­кийді еске алу құрметіне арнап ас берілді.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының өзінде Н.Головацкийдің басшылығымен озық үлгіде салынған, инфрақұрылымы толық жасалған көрікті елді мекеннің бү­гін­гі күні де ажары тайған жоқ. Облыс­тағы ең абатты ауылдардың алдыңғы қатарында тұр. Мұндағы «Тәуелсіздік тұғыры» мон­у­мен­ті мен Головацкий ескерткіші – ауыл тұрғындарының тәу етер қастерлі орын­да­ры­ның бірі. «Қорғас» шекара маңы ынты­мақ­тастық орталығының кеңсесі де осында орналасқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста