Еңбек министрлігі жәрдемақыға қатысты ақпарат жариялады

Еңбек министрлігі жәрдемақыға қатысты ақпарат жариялады

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері мүгедектік бойынша 49 211 теңгеге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 40 976 теңгеге жеткен  
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақының орташа көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындардың жалпы саны 520,8 мың адамға жетіп отыр. Асыраушысынан айырылғандар  – 167,2 мың адам. Ресми мәліметке сәйкес, биыл екі айдың ішінде республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша төленген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының жалпы көлемі 51 миллиард теңгені құрады. Ал асыраушысынан айрылу бойынша 13,5 миллиард теңгенің жәрдемақысы төленді.

"Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты", - дейді министрлік мамандары.

Осылайша 2021 жылдың 1 наурызындағы мәліметке сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері мүгедектік бойынша 49 211 теңгеге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 40 976 теңгеге жеткен.  
 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста