Енді телефон нөмірін сатып аларда биометриялық сәйкестендіруден өтесіз

Енді телефон нөмірін сатып аларда биометриялық сәйкестендіруден өтесіз

Телефон алаяқтығымен күресу үшін нөмір сатып алғанда биометриялық сәйкестендіру енгізіледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге сілтеме жасап жазды.

"Біз ұялы телефонды тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіруді енгіземіз. Әйтпесе қазір бір адамның атына бәлен нөмір рәсімделеді, олар шетелге шығарылады. Сол арқылы алаяқтар арам ойларын жүзеге асыра бастайды. Мұның алдын алу үшін біз нормативтік-құқықтық құжаттарға қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Техникалық тұрғыдан дайынбыз", - деді Мусин үкімет кулуарында.

 

Министрдің пікірінше, осыдан кейін мыңдаған нөмір сатып алып, өзіне рәсімдейтін адамдар саны азаяды.

 

"Егер бұл нөмірлер арқылы алаяқтық жасалса, онда оның иелері жауапқа тартылады. Әйтпесе қазір олар біз білген жоқпыз деп ақталады. Ал биометриялық сәйкестендіру кезінде адам нөмірді сатып аларда бұл шынымен де өз нөмірі екенін растайды", - деп түсіндірді Мусин.

 

Ол бұл норма тек жаңа нөмірлер үшін ғана емес, ескі нөмірлер үшін де енгізілетінін атап өтті.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста