Енді жеке куәліксіз жүруге болады

Енді жеке куәліксіз жүруге болады

Енді еліміздің кез келген азаматы жеке куәліктің электронды нұсқасын қолдана алады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вaq.kz-ке сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Назгүл Бажаева осылай деп мәлімдеді.

 

Бажаеваның айтуынша,  15 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған.

 

Аталған заңда бірқатар цифрлық құжатты қолдану іске қосылды. Енді азаматтар қандай да мекемеде куәлігін сұрайтын болса,  электронды үкіметтің мобильдік қосымшасы арқылы жеке куәлігін көрсете алады.  Бастысы, оның электронды түрін жүктеп алу қажет. Одан әрі QR код арқылы жеке басыңызды растайды,- деді Назгүл Бажаева «AMANAT» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

 

Спикердің сөзінше, бүгінде QR код арқылы жеке куәлікті растайды.

 

Осыған дейін жеке куәліктің электронды нұсқасы тек мемлекеттік қызмет алған кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана қолданылған еді. Жаңа заңға сәйкес енді барлық жерде жеке куәлікті QR код арқылы көрсетсе жарап жатыр, - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық трансформациялау департаментінің директоры.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста