Е.Қошанов ҰҚШҰ елдеріне терроризмге қарсы іс-қимыл туралы модельдік заң қабылдауды ұсынды

Е.Қошанов ҰҚШҰ елдеріне терроризмге қарсы іс-қимыл туралы модельдік заң қабылдауды ұсынды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысына қатысу үшін Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Кеңестің бірлескен отырысына және ҰҚШҰ ПА XV пленарлық отырысына қатысушылар Армения Республикасының 2021-2022 жылдардағы Ұйымға төрағалығының қорытындылары мен Беларусь Республикасының алдағы төрағалығы кезіндегі басымдықтары туралы ақпаратты тыңдады.

Мәжіліс спикері өз сөзінде өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін түрлі қауіп-қатерлер мен қақтығыстардың өзекті болып отырғанына назар аударды. Мұндай жағдайларда ашық диалогтың маңыздылығын Қазақстан Президенті талай мәрте атап өткен болатын. Е.Қошановтың айтуынша, осы тұста ҰҚШҰ елдері парламенттеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Отырыс барысында Мәжіліс Төрағасы Ұйымға мүше елдердің терроризммен күрес саласындағы ұлттық заңнамаларын үйлестіруге мүмкіндік беретін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» жаңа модельдік заңын әзірлеуді ұсынды.

«Терроризм қауіпсіздік пен тұрақтылыққа үлкен қауіп төндіреді. Ол заңсыз көші-қонның, трансшекаралық қылмыстың, заңсыз қару-жарақ пен есірткі тасымалының артуына ықпал етеді. Бізге осы сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұрудың нақты құқықтық тетіктерін қалыптастыратын ҰҚШҰ елдерінің модельдік заңнамасының сапалы базасын қамтамасыз ету керек», – деді Е.Қошанов.
Отырыста Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындастыру және үйлестіру бойынша ҰҚШҰ ПА-ның қолданыстағы іс-шаралар бағдарламасын іске асыру аясында бірқатар модельдік құқықтық акті қабылданды.

Соның ішінде отын-энергетикалық кешен объектілерінде терроризмге қарсы іс-қимыл, халықаралық терроризмнің ҰҚШҰ елдеріне енуі мүмкін арналарға тосқауыл қою, ҰҚШҰ модельдік актілерін қабылдау үшін әзірлеудің және дайындаудың әдістемелік негіздерін жетілдіру бойынша ұсынымдар бар.

Сонымен қатар отырыстың күн тәртібіндегі мәселелердің бірі биылғы 20 қарашада өткен Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылауға қатысқан ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы мониторингтік тобының қорытындылары туралы болды. ҰҚШҰ ПА миссиясының қорытындысына сәйкес, сайлау халықаралық нормалар мен ұлттық заңнамаға толығымен сәйкес өтті.

Айта кету керек, ҰҚШҰ ПА құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан парламенттерінің өкілдері кіреді. Онда әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер, саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша үш тұрақты комиссия жұмыс істейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста