«Ербол, жігітсің ба, мен саған көрсетем!»: Алмасбек Садырбаев Ауыл шаруашылығы министріне шүйлікті (ВИДЕО)
Ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшы, «Шопан ата» қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Qasqa Jol ютуб арнасына берген сұхбатында билік Батыс өңірлерде мал қырылып, жұт болып жатқанын әлі де мойындамай отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жақында Батыс өңірлерін аралап келген Садырбаевтың пайымдауынша, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев жағдайды білу үшін өңірлерді дұрыс араламайды. Тек алдын ала дайындап қойған жерлерге барып қайтады екен.
- Ербол Қарашүкеев Маңғыстауға барып, Үкімет тарапынан қаражат бөлгізіп берді де өзі қашып кетті. Айналайын, сен Ауыл шаруашылығы министрісің, сен о жерден кетпеуің керек. Кеше ел шулап жатқанда, ол Америкада жүрді. Ол АҚШ-та емес, Маңғыстауда жүру керек. Сонда жетілеп жатып, ахуалдың бәрін көру керек. Тек дайындаған жерге барып, сол жерден қайтады. Қайда барса да сол. Жамбыл облысына да менен кейін барып, бір-екі бай шаруада жолығып қайтты, - деді ол.
Садырбаевтың айтуынша, аталған өңірде елдің 80 пайыз малы қырылып қалған. Егер осылай кете берсе батыс өңірлерде малдың 10-12 пайызы ғана қалуы мүмкін екен. Сол себепті сарапшы Ауыл шаруашлығы министріне үндеу жасап, өңірдегі қиын ахуалды өз көзімен бірге барып көруге шақырды.
- Ербол, жігітсің ба, мен саған көрсетейін. Әкіммен бірге барма, менімен бар. Әкім дайындаған жерге барасың сен. Сен деген білдей бір елдің министрісің. Ауылдан шыққан азаматсың, жүрші, мен саған көрсетейін. Бірінші барғаныңда жаныңда тұрып бердім ғой сен сенің. Ал сен енді менің жанымда тұрып бер. Содан кейін шешімді қабылда. Президентке жағдайды жеткізетін сен, мен емес,- деп айтты А.Садырбаев.
"Блатной қойшы" аталып кетен Алмасбек Садырбаев өткірлігі үшін қанша шенеунікпен жаға ұстасып, қандай жазаларға тартылғанын, Қыз алып қашып, айыппұл төлегені, әйелді көтеріп есіктен шығарып жібергені сияқты қызық хикаяларымен бөлісті. Миллиондары мен қымбатшылықтан құтылу жолдары жайында да ой қозғады.