Ерке Есіл неге жылап ағады?..

Ерке Есіл неге жылап ағады?..

Бүгінгі Есілді кешегі Есілмен салыстыруға мүлдем келмейді. Осыдан ондаған жыл бұрын тасып-тулап жататын қарт Есілдің қазіргі жағдайы, өкінішке қарай, алаңдатарлық-ақ. Толықсып аққан ақ бура толқындары бәсеңдеп, тіпті кейбір тұстары құрғап, кебуге айналған. Осыдан он жыл бұрынғы Есілдің алып жатқан аңғарынан қазіргі Есіл алты-жеті метрге дейін тартылып кеткен. Сонда ол келер он жылдан кейін қандай күйде болмақ?! Ерке Есілді, бір кездері буырқанып тасыған ерке өзенді мұндай халге жетеді деп кім ойлаған?! Бұрындары осы арада алып өзен арқырап ағып жатты дегенге кейінгі ұрпақ сене алар ма екен? Аға буынның қателігін олар қалай түсінеді? Сазаны шоршып, шортаны тулаған Есілдің мол суы сарқылып, кей жерлерін қалың қоғалы қамыс басқанын көріп, жүрегіміз жаншылғандай болды.
Ерке Есілдің бүгіні мен болашағын ойла­сақ, көңіліміз құлазып, жанымызды кірбің шалғандай болады. Кең арнасында шағала мен қоңыр қаздар қиқу сала ұшып, аққулар ән салатын күндер ертегіге айналған сияқты. Мамандардың пікірінше, Есілдің көлемі жылдан-жылға кем дегенде 50-70 санти­метрге  төмендеп келеді. Тереңдігі де төмен­деп, өзендегі балықтардың  саны  азайып кеткен.  Балықшылар қазіргі солтүс­тіктің аязында балыққа өте қиын болып жатқанын айтады. Себебі бауырлай қатқан мұздан бұрғылау жұмысы аса қиынға соқ­қанға ұқсайды.
Қайыртай Әлмағамбетов, Есіл ауданынан шыққан азамат, республикалық микробиологиялық коалицияның бас директоры, медицина ғылымының  докторы:
– Бұрындары Есіл арнасынан асып-тасып ағатын, қазір тартылып барады. Ауылдас ағайындарым алаңдап, қоңырау шалып, «жоғарыда жүрсің ғой, лауазымды шенеунік  көкелерге айтып көрсең қайтеді» деп жиі айтады. Бұрындары жылына мыңдаған тонна балық аулап, өзен бойындағы елдің еңсесі биік еді. Қазір өзен жағасында отырған жұрт алаңдаулы. Өйткені жергілікті жұрт бұрындары өзінің  күнкөрісін осы Есілден айыратын. Ауларын құрып, шортандары мен алабұғасын сатып пұлдаса, дәруменге бай балықтан күнделікті тағамын дәмдеп отыратын. Елге қонақтай барған кезде Есілдің бүгінгі жайын көріп, қатты күйзелдім. Бүйте берсе, Есіл аздаған жылдың ішінде мүлдем құрып кете ме деген ойға қалдым.

Победа және Есіл қаласы тұрғындары­мен әңгімелескенімізде мынадай жағ­дай­ға қанықтық. Келмеске кетті деген кеңес за­ма­нында бұл жерде атышулы қиыр­шық тас зауыты болыпты. 90-жыл­дар­дағы тоқы­рау бұл зауыттың да басын шыр айнал­дырып, ақырында банкротқа ұшы­раған көрінеді. Есілдің жағасындағы үлкен тастарды қақырата тілген бұл зауыт өзен­нің жағ­дайына онша-мұнша қарамай келген.
Өзен арнасының ортасынан өтетін арнайы көпір жолдан өткенде осы бір киелі өзеннің мүшкіл халін көріп, тіпті аяп кеттік. Неге дейсіз ғой? «Бұлақ көрсең, көзін аш» демеуші ме еді халық даналығы! Бірақ бұл жерде ол сөздің мәні кеткен бе деп қалдық. Себебі ағып жатқан өзен өтетін көпірдің екі жағындағы қойтастар оның арнасын тас қылып бекітіп тастаған. Су әлгі қуыстан жылыстап, баяу ғана ағып жатыр. Иә, шын мәнінде, бір кездері күркіреп-сарқыраған дауысынан адам түгіл, мал шошыған өзен солай болды-ау дегенге сену қиын.
Қали Рахметов, Есіл ауданының әкімі:
– Есіл өзенінің тағдырын тек аудан көлемінде ғана шешу мүмкін емес. Өйт­кені оның экологиялық жағдайын қал­пына келтіруге жалғыз ауданның қара­жаты да, қауқары да жетпейді. Сонымен қатар бұл біздің еліміздің аумағында ғана емес, Ресей мен Қытай жерінде де ағып жатқандықтан, халықаралық мәсе­ле болып табылады. Сондықтан мұн­дай экологиялық өткір мәселеге облы­сымыздың басшылығы, керек десе­ңіз, тұтас республиканың лауазымды тұл­ға­лары құлақ түріп, әрекет етсе, жөн болар ма еді деген ойдамыз. Қазіргі таңда тұтас мемлекетті алаңдатқан Арал, Балқаш көлдерінің мәселелері аздай, ерке өзен Есіл де осыған қосылмаса етті!

Жағдайды анығырақ білу мақсатында Есіл бассейні инспекциясы басшылығымен хабарласқан едік. Айтуларына қарағанда, бұл өзеннің жағдайын қалпына келтіру­ге жыл сайын облыстық бюджеттен қомақ­ты мөлшерде қаражат бөлініп келеді. Мұны­мен қоса жыл сайын балықтың қорын мо­лайту үшін арнайы балық өсіріліп, өзен ар­насына жіберіледі. Былай қарасақ, бір­сыпыра көңілге қонымды, үміт отын ұя­лататын оң істер атқарылуда. Дегенмен тартылып кеткен өзен арнасын қалыпқа келтіру үшін өте үлкен шаруаның басын қайыру қажеттігі өзінен-өзі көрініп тұр.
Иә, бұл жай әркімді де толғандыруы тиіс. Өйткені адам да – табиғат пер­зенті һәм қамқоршы досы. Өйткені ерке Есілдің жағдайын жақсартуға, оның көз қуантарлық күйге енгенін көруге бәріміз жауаптымыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста