Есепте тұрғандарды тексеру

Есепте тұрғандарды тексеру

2021 жылдың наурыз айына жоспарланған «Пробация» жедел профилактикалық тексеру шарасы аясында Алматы қаласы, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Әуезов аудандық Пробация бөлімі қызметкерлері  учаскелік полиция инспекторлары мен ішкі істер органдарының басқа да құзырлы қызмет салаларымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты жерлерінен тексеру жұмыстарын жүргізіп, тәрбиелік мағынада сұхбаттар жүргізеді.

Мұндай профилактикалық шаралар – пробация қызметініӊ есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау үшін ұйымдастырылып тұрады.

Пробация қызметі өз тарапынан қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілгендерді тәрбиелік жолға салып, қайта қылмыс жасауды болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс атқаруда.

Қазіргі уақытта елімізде Пробация қызметі жүйелі дамып келеді. Бұл – мемлекетіміздің абайсызда қылмысқа ұрынып, жаза басқан азаматтарға деген деген қамқорлығы, олардың түзелу жолына түсіп қазақстандық қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенімі болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, пробация – бақылау, қадағалау ғана емес, ол – тәрбиелік шаралардың жиынтығы.

Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты сотталушыны түзеу, өзге де қылмыстардың алдын алу, адамдардың ой-санасына оң ықпал жасап, азаматтардың қылмысқа бармауына барынша ықпал етіп, қоғамның құқықтық сауаттын арттыру.

 

Назым БАЙДАШЕВА,

Алматы қаласы, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің

Әуезов аудандық Пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста