Еуропа мен Азия арасын жаңа «Жібек жолы» жалғайтын болады

Еуропа мен Азия арасын жаңа «Жібек жолы» жалғайтын болады

Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті XXV мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – жаңа Жібек жолы» жобасын ұсынды. Осы бастаманың арқасында еліміздің әлемдік сауда-саттық саласындағы тарихи рөлі жанданады. Ал Еуропа мен Азия арасын жаңа «Жібек жолы» жалғайтын болады. Жобаның бастапқы кезеңінде республика арқылы өтетін жүктің көлемі екі есе артады деген нақты болжам бар. Міне, осы уақытта Қазақстан сауда-көлік әрі қаржы-іскерлік орталығы ретінде танылады.

Жаңа «Жібек жолының» негізгі бекеті – «Қорғас»
Бүгінде Қазақстанның шетелдік инвестицияларды та­р­ту саласындағы әлеуеті зор. Соңғы 20 жылдың ішін­де Орталық Азия мемлекеттеріне құйылған қар­жы­ның 70 пайызы – Қазақстанның үлесінде. Бұл – ша­­мамен 150 млрд АҚШ доллары. Өткен жылдың өзін­де бұл көрсеткіш 18 млрд долларға тең болды. Сол себепті Президент еліміздің халықаралық сауда орта­лығы ретінде қалыптасатындығына нық сенім­мен қа­рап, шетелдік инвесторларға «Қазақстан – жа­ңа Жі­бек жолы» жобасын іске асыруды ұсынып отыр. «Қа­зақстан өзінің тарихи рөлін жандандырып, Ор­­талық Азия бойынша ірі көлік-іскерлік орта­лы­ғы­на, Еуропа мен Азия арасындағы көпірге айналуы тиіс. Осы мегажобаның арқасында 2020 жылға де­йін Қазақстан арқылы өтетін жүктің көлемі екі есе өсіп, 50 млн тон­наға дейін жетуі керек», – дейді Н.На­зар­баев. Осыған орай Елбасы Үкіметке шетелдік ин­вестор­лармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың ая­ғы­на дейін «Қа­зақстан – жаңа Жібек жолы» жо­ба­сын іске асырудың кешенді жоспарын әзірлеуді тап­сырды.
Иә, осы ауқымды бастаманы іске асыру үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Әрине, басты себеп – Қа­зақстанның географиялық орналасуы. Еура­зия­ның қақ ортасында қанат жайған Қазақ елі Қытай, Еуропа, Ресей және ТМД-ның басқа да мемлекетте­ріне тығыз байланыста болып, Орталық Азия және Парсы шығанағы елдеріне шығуға мүмкіндік беріп отыр.
«Бүгінде Қазақстан жаңа трансұлттық бағыт­тарға да жол ашып, «екінші әлемдік эко­номика» – Қытайды Еуропалық одақ ел­дерімен байланыстырып келеді. Біздің ма­мандар арнайы зерттеу жүргізіп, мына бір мәселені анықтады: теміржол арқылы Еу­ропаға баратын жүк 14 күннің ішінде же­те­ді, ал теңіз арқылы тура 45 күн қажет болады. Міне, осы мәселені бәріне жеткізу ке­рек», – дейді Н.Назарбаев. Президенттің ай­туынша, 2020 жылға қарай көрші ел­дер­мен сауда-саттық көлемі 1 трлн дол­лар­ға дейін жетеді деген болжам бар. Қазір Қытай мен Еуропа арасындағы сауда айналымы 500 млрд долларды құрап отыр. Ал Қазақстан арқылы өтетін жаңа «Жі­бек жолы» бұл көрсеткішті бірнеше есе­ге көбейтуге мүмкіндік бермек. Осы орайда Елбасы аталған жобаны іске асы­рудың нақты тетіктерін де жария етті. «Ме­ніңше, Қазақстанның негізгі көлік дәліздері бо­йында халықаралық деңгейдегі сауда-көлік, қаржы-іскерлік, инновациялық-тех­но­логиялық және туристік хабтар кешенін құ­ру қажет. Оның негізгі элементі – кө­ліктік-логистикалық хаб «Қазақстан темір жо­лына» қарасты көліктік-логистикалық мультимодальды компания мен «Қорғас» ха­лықаралық сауда орталығы аясында да­митын болады. Жақын арада мен «Қор­ғасқа» өзім барып, осы нысанның аяқ­талуын жария ететін боламын», – дейді Н.На­зарбаев. Сондай-ақ өз сөзінде Пре­зидент Алматы қаласын аймақтық қаржы ор­талығы ретінде дамыту мәселесін де ерек­ше атап өтті.

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)
Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы жанданады
ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті XXV мәжі­лі­сін қорытындылаған Н.Назарбаев кеңестің ке­­йінгі жиындарында нақты екі мәселені тұр­ақты түрде қарастырып отыруды ұсын­ды. «Біріншісі – Қазақстандағы инвес­ти­ция­лық саясат пен шетелдік инвесторлар мүд­десін қорғау. Осының негізінде біз құ­зы­ретті мемлекеттік орган­дар­дың жұ­мы­сына баға беріп, инвес­тор­лардың про­бле­ма­сын қарастыратын бо­ла­мыз. Екінші мә­селе – қазақстандық қам­туды арттыру. Ше­телдік инвесторлар ке­ңесінің XX оты­рысын біз осы мәселеге ар­н­аған бо­ла­тын­быз. Бірақ оның өзектілігін ескере отырып, ке­ңестің әрбір мәжілісінде қарастыру қа­жет деп санаймын», – деп атап көрсетті Н.На­­зарбаев. Осыған байланысты Пре­зи­дент Қазақстанның нақты ұстанымын жет­кіз­ді. «Каспий теңізі жағалауы мен ор­та­сындағы ірі кен орындары – бұл хал­­қы­­мыз­дың маңызды әрі стратегиялық ре­­сурсы. Сондықтан мұнай-газ және тау-кен салаларында жұмыс істейтін барлық ин­вес­тор Қазақстанның баламалы эко­но­ми­касын қалыптастыруға ақша салуы тиіс деп са­наймыз. Алдағы уақытта Қа­зақ­стандағы жа­ңа кен орындарын игеру не­ме­се қолда бар келісімшарттарды ұзарту үшін жаңа кә­сіп­орындар салу міндеттеледі. Біз де осы іс­ке қатысатын боламыз», – дей­ді Ел­ба­сы.
Ал Шетелдік инвесторлар кеңесінің тиім­ді әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін Президент кеңестің құрамын қайта қа­рап шығуды тапсырды. «Шетелдік ин­вес­торлар кеңесі жанындағы жұмыс топ­тарының қызметін жандандыру қажет. Сон­дықтан Индустрия және жаңа техноло­гия­лар министрлігі мен Шетелдік инвестор­лар қауымдастығына кеңес пен оған қа­рас­ты жұмыс топтарының құрамын қайта қа­рап, аталған құрылымдардың тиімді жұ­мы­сын қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Н.Назарбаев.
 ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті XXVI отырысы 2013 жылы мамырдың 22-сі күні өтеді. ҚР Президенті Н.Назарбаев осы мәжілісті Қазақстанның инновациялық дамуы мәселесіне арнауды ұсынып отыр.
Томас МИРОВ, Еуропалық даму және қайта құру банкінің президенті:
– Қазақстан аймақтағы қаржы сала­сының көшбасшысы болғысы келсе, екінші деңгейлі банктердің про­бле­малық несиелерін қысқарту бо­йын­ша нақты іс-шараларды қолға алуы тиіс. Меніңше, бүгінде Қазақстанды аймақтағы қаржы орталығы ретінде қалыптастыру үшін негізгі екі мәселені шешіп алған жөн. Олар – ішкі банк жүйесін қалпына келтіріп, проблемалық несиелерді барынша қысқарту.
Лакшми ВЕНКАТАЧАЛАМ, Азия даму банкінің вице-президенті:
– Қазақстанның көліктік-логистика­лық әлеуетін беделді халықаралық компаниялар да дамыта алады. Ол үшін теміржол мен теңіз порттарын халық­ара­­лық әріптестердің басқаруына бе­ру­­ге болады. Олардың тәжірибесі мол. Сондықтан осы көлік дәліздеріне жүк та­сымалдаушыларды көптеп жинай ала­­ды. Мәселен, Грузиядағы Поти пор­тын бүгінде халықаралық бір корпо­ра­ция басқарады. Оның арқасында атал­ған порттың жүк тасымалы арта түсті.
Коэн ВАНХАРЕНТС, «Бэйкер и Макензи Интернешнл» компаниясының атқарушы комитетінің мүшесі:
– Бүгінде шетелдік тауар өндіру­ші­лер Қа­з­ақстан жерінде өз тауарын сақ­тай ал­май­ды. Себебі ондай үлкен қой­малар аз. Ал Америка, Еуропа мен Таяу Шы­ғыс­та он­дай қоймалар көп­теп сана­ла­ды. Осы жерде сақ­таған күн­нің өзінде шетелдік кәсіпк­ер­лер, Ке­дендік одақ талаптарына сәйкес, 35 па­й­ызға дейін салық төлеуге мін­дет­ті. Сон­дықтан осы мәселені еске­ріп, Қазақстанда сақтау қоймаларын көп­теп салу қажет деп са­н­аймын. Осы­ның арқасында көліктік-ло­­гисти­ка­лық хабтың негізі қаланып, ше­тел­дік тауарларды Кедендік одақ жә­не бас­қа да елдерге тікелей Қа­зақ­стан­нан сатуға мүмкіндік туады.

P.S.
Шетелдік инвесторлар кеңесі барысында Президент қалыптасқан дәстүр бойынша»Үздік шетелдік инвестор – 2012» конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. Осы мәртебелі сыйлыққа биыл «Теңізшевройл» компаниясы ие болды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста