Ішкі әскерлердің құрылу күні аталып өтті

Ішкі әскерлердің құрылу күні аталып өтті

Алматыдағы №5571 әскери бөлімінің клубында еліміздің Ішкі әскерлерінің құрылу күніне арналған мерекелік шара өтті.
Шараға Құқық қорғау, қылмыстық-ат­қа­ру жүйесі комитетінің, жергілікті мемле­кеттік басқару органдарының, қоғамдық ұйымдар жетекшілері мен өкілдері, Ішкі әскер және күштік құрылымдардың арда­гер­лері қатысты. Мерекелік жиында ән са­лынып, би биленді. Ішкі әскерлер Алматы құрамасының жеке құрамы былтырғы жыл­ғы жұмыстарына есеп берді.
1992 жылдың 10 қаңтарында Қазақ­стан Республикасы Президентінің Жарлы­ғымен ІІМ Ішкі әскерлері құрылған бола­тын. «ҚР ІІМ Ішкі әскерлері туралы» Заңға сай, Ішкі әскерлерге қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау, түзеу мекемелері мен маңызды мемлекеттік нысандарды күзету, сотталғандар мен қамауға алынғандарды айдауылдау, төтенше жағдайлардың сал­да­рын жою сынды міндеттер артылды. Құ­рылған сәтінен бастап әскер жеке құрамы алдына қойылған міндеттерді абыроймен атқарып, Қазақстан Республикасы азамат­та­рының қауіпсіздігі мен конституциялық құқықтарының сенімді қорғанына айнал­ды. Ішкі әскерлер Алматы құрамасының же­ке құрамының баспасөз қызметкері Дар­хан Мұқановтың айтуынша, 2012 жылы Ішкі әскерлер Алматы құрамасының жеке құрамы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіз­дікті қорғау жұмысы бойынша 790 тап­сыр­ма орындап, 8191 бұзақыны қолға тү­сірген, олардың 1823-і – қылмыстық, 6368-і – әкімшілік құқық бұзушылар. Сегіз дана отты қару мен 14 дана суық қару, бір жарылғыш зат, 72,44 грамнан астам есірт­кі заты тәркіленді. Осы жылы құрама әскери қызметшілері сонымен қатар Ұжым­дық қауіпсіздік келісімшарты ұйы­мы­ның бірлескен «Мызғымас бауырлас­тық-­2012» бітімгерлік жаттығуына, Ақсай шатқалында қауіпті қылмыскерлерді із­дес­тіру бойынша жедел шараларға қатыс­тырылды. Былтыр «Бүркіт» арнайы мақ­сат­тағы жасағының жеке құрамы Алматы қалалық ІІД-мен бірге ұйымдасқан қыл­мыстық топ мүшелерін ұстау бойынша 16 арнайы операцияға жұмылдырылған. Нә­ти­жесінде 10 қылмыскер ұсталып, 8 мың данадан астам контрафактілі өнім, 10 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.
Түзеу мекемелерін күзету бойынша қарауылдар 2098 тапсырма орындаса, 138 түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды сырттан лақтырудың алды алы­нып, 88 дана тыйым салынған заттар анық­талған. 386,5 литр спирттік ішімдік, 27 000 теңге ақша, 38 дана қалта телефо­ны тәр­кі­ленді. Барлығы 13 371 сотталған­дар мен қамауға алынғандар айдауыл­данды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста