Карантин талаптарын бұзған «қызыл статусы» бар адамдардың аты-жөні БАҚ беттерінде жарияланады – Тоғжанов

Карантин талаптарын бұзған «қызыл статусы» бар адамдардың аты-жөні БАҚ беттерінде жарияланады – Тоғжанов

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 шілдедегі елдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

 Вице-премьер мемлекеттік органдар өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, қысқа мерзімде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша келесі шараларды қабылдауды тапсырды:

жаңа штаммдардың пайда болуын ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдардың нақты жоспарын әзірлеу және енгізу;
«QazVac» отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына шығару мәселесін пысықтау, осы бағытта нақты жол картасын әзірлеу;
карантиндік шектеулерді сақтауға қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесін пысықтау;
вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды қалыптастыру;
коронавирусты диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес реанимация бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметтерін қосымша жарақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар енгізу;
коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін «Ремдесивир» препаратын орталықтандырылған сатып алу мәселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау;
Ішкі істер министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған вакцинациялау паспорттарын жасаудың жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топ құрсын;
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Атамекен» Ұлттық палатасымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бизнес субъектілерін «Ashyq» бағдарламасына енгізу жөніндегі талаптарды жеңілдетсін.
Ералы Тоғжанов мониторингтік топтар қызметінің маңыздылығын атап өтіп, ІІМ мен әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұдан басқа, ВАК «Ashyq» арқылы тіркелген қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимінің «қызыл мәртебесі» бар құқық бұзушылардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Сондай-ақ, вице-премьер Е.Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне иммундау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста