Кейбір аймақтарда екпінді жел тұрып, өткінші жаңбыр жауады
Циклондармен байланысты бірінен соң бірі Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік аудандары және Батыс Сібір арқылы ауысатын атмосфералық фронттар республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарындағы ауа райына әсер етеді. Осы фронттармен Қазақстанға Баренц теңізінің аудандарынан ылғалды және салқын ауа келеді. Сондықтан демалыс күндері және дүйсенбі күні осы облыстарда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр, найзағай кезінде екпінді жел және температураның осы кезеңге нормаға дейін төмендеуі күтіледі. Таңғы уақытта солтүстік облыстарда тұман болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында фронттардың әсерінен аздаған өткінші, тауларда қалыпты жаңбыр жауу мүмкін және одан әрі температураның төмендеуі күтіледі. 40 градустық ыстық мұнда күтілмейді. Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз болады, және температура қайта көтеріледі.
khabar.kz