Келесі жылдан бастап "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң іске асырылады

Келесі жылдан бастап "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң іске асырылады

Ішкі істер министрлігі "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Заңды іске асыру бойынша жобаның басталғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны іске асырудың жоспарланған кезеңі - 2018-2021 жылдар. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының талаптарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүзеге асыруға тағайындалған "Тұлғаны биометриялық сәйкестендіру" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мәселелерін талқылауда", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Министрліктегілердің айтуынша, осыған байланысты дактилоскопиялық есеп және геномдық тіркеу жүйелерін әзірлеу мен енгізу саласында тәжірибелі компаниялар шақырылады. Бастапқы кезеңде ұсынылған шешімдерге бағалау жүргізіледі (бағдарламалық қамтамасыз ету, серверлік және арнайы жабдықтау, Жүйенің жалпы сәулеті).

Барлық ұсынылған шешімдерді Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерінен құрылған жұмыс тобы қарастырады және бағалайтын болады. Ұсынылған шешімдерді бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес конкурстық процедураларға қатыса алатын компаниялардың тізімі құрылған екен.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста