Киелі көлден кие қашып барады

Киелі көлден кие қашып барады

Балқаш тартылып барады. Тіпті «Екінші Аралдың» кебін киюі мүмкін. Сондықтан бұған мемлекет тарапынан қолдау қажет. Балқаш мәселесінің күннен-күнге ушығуына түрлі факторлар әсер етуде. Соның ең біріншісі әрі өте қауіптісі – Қытайдан ағып Балқашқа құятын Іле өзенін көзі қысыңқы ағайындар жібермей отыр. Әрине, олар қырғыздарға ұқсап, суды мүлдем жауып тастаған жоқ. Дегенмен ондағылар өндіріске пайдалану үшін өз жерлерінде бір емес, екі-үш гидроқондырғылар орнатуда. Осылайша Іледен келетін судың басым бөлігін «басып» қалып отыр. Бұл – бір. Екіншіден, еліміздегі киелі көлдің айналасында тұратын жергілікті тұрғындардың да көлге жанашырлық танытпай отырғандығы алаңдатады. Қазір онда көлдің айналасын ластау, тал-дарақтардың көптеп қырқылып отырған фактілері аз кездеспейді. Онымен қоса, «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Балқаш кен-металлургия комбинаты да ондаған жылдардан бері көлге ластанған, тазаланбаған ағын суын жіберіп келеді. Осы мәселелердің барлығы «Табиғат» экоодағының ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихатында тағы бір көтерілді.

Табиғат жанашыры әрі одақ төрағасы Мэлс Елеусізовтің айтуынша, Қытай жағы түрлі өндіріс орындарынан шыққан қалдықтарды Іле өзеніне тастап, ондағы ластанған сулар Балқашқа келеді екен. «Қытайдан келетін судың сапасы нашар. Себебі су құрамында өндірістік және мұнай өнімдерінің қалдықтары бар. Сондықтан Іле мәселесін қос мемлекет бірігіп шешуі қажет. Балқаштың 80 пайыз суды Іле өзенінен алатынын ескерсек, бұл мәселені ертерек шешудің маңыздылығы өте зор екендігін аңғару қиын емес», – дейді ол.

Жалпы, бұл мәселелердің барлығы талай айтылып та, жазылып та жүр. Тіпті бұған дейін бір емес, екі рет Балқашты қорғаудың халықаралық форумы болып өтті. Бірақ одан шыққан нәтиже қайсы?

Бұл ретте Мәжіліс депутаты, экс-министр Айткүл Самақова былай дейді:
– Жыл сайын Балқаш көлі мәселесін айтудай-ақ айтып келеміз. Алайда Қытай жағы бұл мәселені «келер жылы қарастырайықшы» деп кейінге қалдыра береді. Сондықтан Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде бұған үлкен жауапкершілікпен қарап, мәселенің тез шешілуіне ықпал етуі керек.

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экоодағының төрағасы:
– Қазіргі Балқашты дүниежүзіндегі ауаның жылынуы ғана сақтап тұр. Таудың басындағы мұздардың 40 пайызы еріп, көлдің тартылмауына кішкене болса да септігін тигізуде. Әйтпегенде біз қазір «екінші Аралды» іргемізден көрер едік. Қазір жер шары жылынып, ауа температурасы жарты градусқа көтерілді. Климат өзгеріп жатыр. Осының салдарынан әлемде түрлі апаттар орын алуда. Неше түрлі цунамилер, жер сілкінісі, вулкандар атқылауда. Тіпті Қазақстанның өзінде биыл қар өте көп жауып, кейбір өңірлерді су басты. Тіпті үлкен су тасқыны болып, қаншама адамдар қырылды. Біле білсеңіздер, мұның барлығы үлкен апаттың басы ғана. Егер осылай жалғаса беретін болса, табиғатқа көңіл аудармасақ, мұның арты атомдық соғыстан да әрі болуы мүмкін. Бұрын Балқаштың маңында жасыл желекті алқаптар көп болушы еді. Олар экологияның ластануынан сақтап тұратын. Алайда қазір оның барлығы оталып жатыр. Жиі өртенетін болды. Браконьерлік көбейді. Көлдің маңы күл-қоқыстан көз ашпай тұр. Енді қазір Балқаш көлі шамалы көтерілген. Бірақ бұл – мемлекеттің киелі көлге назар аударғандығынан емес, табиғаттың көлге қарасып отырғанынан деп түсінгеніміз жөн шығар.

Міне, баспасөз мәслихатында көтерілген мәселелердің негізі – осы. Бұл ретте алып Қытайдағы Іле өзенінің Балқашқа ағылуын шешу қиын шығар. Дегенмен Балқаштың еліміздегі ішкі мәселесін неге шеше алмай отырмыз? Бұл ретте «Табиғат» экоодағы төрағасының орынбасары Нұржан Ошанбеков былай дейді:

– Балқаштүстіметалл зауытынан шыққан түтіндер көлдің экологиясына айтарлықтай кері әсерін тигізіп отыр. Тіпті кейде зауыт ешкім білмейтін кезде, түнгі уақыттарда түтінді будақтатып жіберіп алады. Осыдан қаншама құстардың өлексе болғанын сондағы тұрғындар айтып жүр. Енді зауыт алпауыт корпорацияның қарамағында болғаннан кейін оған жергілікті әкімдіктің тісі бата бермейді. Ал олар пайда табу үшін, бизнесін жүргізу үшін бәріне баруда. Тіпті қаншама зиянды қалдықтарын көлге төгеді. Осының салдарынан киелі көлден маза қашып отыр. Қазір көлдің айналасында ішімдік ішу етек алған. Оның барлығы тегіннен-тегін емес. Жергілікті тұрғындар ауыр, зиянды өндірісте жұмыс істегеннен кейін еріксіз «жүз грамнан» ішуге мәжбүр. Өйткені ауыр жұмыста істегеннен кейін ішімдік ішу организмге пайдалырақ деп түсінеді. Осыдан келіп Балқаш та, маңындағы халық та құлазып барады.

Балқаш көлін құтқарудың жолдары:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.
2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.
4. Жерасты суларын пайдалану.
5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

Ой-тұжырым
Қорыта айтқанда, Балқаштың тартылуы табиғаттың салдарынан емес, тікелей адамдардың қолдан жасаған қиянатынан болып отыр. Егер Балқаш тартылса, ол да Арал секілді тұзға айналып, тауларға, бүкіл әлемге тұзын жабатын болады. (Арал теңізінің тұздары 2,5 мың шақырымнан солтүстік мұздақтарға ұшып жатыр). Ондай болған жағдайда, біз тек жаңбыр суымен ғана күнелтетін боламыз. «Арал мен Балқаш секілді су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес, Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін» дейді ғалымдар. Сондықтан да әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау – адамзат баласының парызы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста