Киік қырғанға тыйым салатын заң керек

Киік қырғанға тыйым салатын заң керек

Сахараның сұлу кербезі – киіктің бүгінгі күйі кімді болса да күйзелтпей қоймас. Бір кездері қазақ даласында сан мыңдап өріп жүрген киікті атып, мүйізін сыртқа сатып, пайда табуды кәсіпке айналдырдық. Сөйте-сөйте бір кездегі сансыз киіктен бүгінде санаулы ғана қалды. Киік мүйізіне деген сұраныстың артуы, Қытай елінде мүйіз бағасының қымбат болуы сахара сұлуына сор болып жармасты.
Мамандардың айтуына қарағанда, көп жағдайда қас­көйлер киікті тек мүйізі үшін ғана атады екен. Өйт­кені, бейресми деректерге қарағанда, аспанасты елін­де киік мүйізінің бір келісін 4-8 мың АҚШ дол­лары аралығында сатуға болатын көрінеді. Соған орай елімізде де киік мүйізінің бір келісі 200 мың тең­геге дейін барады екен. Ең қызығы, біздің елде киік мүйізімен қолға түскен адамға нақты жауап­кер­шілік те қарастырылмапты. Тек киік атып қолға түс­сеңіз ғана бір бас киік үшін 200 айлық көрсеткіш мөл­шерінде айыппұл төлейсіз. Ал мүйіздің ақшасына масайғандар үшін бұл сома – шақа ғана.
Қайырбек МҰСАБАЕВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:
– Браконьерлердің көбі киікті атып өлтіріп, мүйіз­дерін қырқып алады да, денелерін тастап кетеді. Қы­тай елінде киік мүйізі Тибет медицина­сын­да қол­да­нылады. Ол елде киік мүйізінің ба­ғасы жоғары. Сон­дық­тан да Қытайға заңсыз апа­рып мүйіз сату тоқтамай тұр. Қазір бұл мәселе қара­лып жатқанымен, нақты ше­шімін таба қойған жоқ. Заң бойынша киік атқаны үшін ғана жаза қолданылады, ал мүйізге жаза жоқ.

«Арнайы заңның жоқтығы мүйіз саудасын ашық жүргізуге жол ашып отыр» дейді мамандар. Бұған көз жеткізу де қиын емес. «Киік мүйізін қымбатқа сатып аламын» деген жар­наманы Қызылорда қаласының кез келген жерінен кездестіре аласыз. Мұн­дай жарнамалар интернет сайттарында да өріп жүр. Мүйіз саудасына қатысты заң бол­мағандықтан, жарнама берушіге қатыс­ты заңдық тұрғыдан қандай да бір шара қолдану да мүмкін болмай тұр.
Тибет медицинасы жылына 8 тонна киік мүйізін қажет етеді екен. Яғни сұраныс мол. Сұраныс бар жерде ұсыныс болатыны өз-өзінен белгілі. Сондықтан да пайданы көз­деген «қара» кәсіпкерлер Қытай асып, қара базар саудасын қыздырып, қалтасын қампитуға тырысады. Өйткені сол Қытай елі­не мүйіз алып өтемін деп шекарада қол­ға түсе қалса, бір мүйізі үшін екі айлық есеп­тік көрсеткіш мөлшерінде (3024 теңге) айыппұл төлейді де, жөніне жүре бе­реді. Яғни бір келі мүйіз үшін айыппұл – шамамен 100 доллар. Ал бір келі мүйізді 4 мың  АҚШ  долларына сататын сау­да­гер­дің мұндай тиын-тебенге шәпкесі қи­сай­май­тыны да түсінікті.
Тасбай СИМАМБАЕВ, Сенат депутаты:
– Миллиондаған жыл қазақ да­ла­сының киесі болып келе жатқан киікті мүйізі үшін ататындар қатары көбейіп кетті. Өйткені киік мүйізін Қытайға қым­бат бағаға өткізеді. Ал сол мүйіз са­ту­шыларға заң тосқауыл болмай тұр, себебі біздің бүгінгі қолданыстағы за­ңы­мыз жұмсақ болып отыр. Бұл мә­се­лені шешу үшін, ең алдымен, заңды қатайту қажет. Мүйіз саудалайтындарға салынатын айыппұл мөлшері өте жо­ғары болуы тиіс. Екіншіден, шекараны мықтылау керек. Өйткені шекарамызда әлі де саңылаулар бар. Сол саңылаулар арқылы «қара» саудагерлер қара ниет­терін амалға асырып отыр. Кедендегі саңылауға сына қағып, сыбайластықтың жолын кесіп, бақылауды күшейту ләзім. Кеден қызметкерлерінің жауап­кер­ші­лігін арттыру керек. Киік мүйізінің сау­дасын тоқтатудың тағы бір жолы – кей­бір елдердегі сияқты, мемлекеттік ша­руа­шылық мамандары киік мүйізін қыр­қып алып, далаға қайта жіберіп оты­руына болады. Сонда мүйізсіз киікті ешкім де атпайды. Өйткені бра­ко­ньерлер киікті қырып салып, мүйізін қыр­қып алады да, етін далаға лақты­ра­ды. Бұл қоршаған ортаға да зиянын тигізбей қоймайды. Егер бүгін киік ба­сын сақтап қалуды қолға алмасақ, ер­тең ен даламыз бос қалып, табиғи тепе-теңдік бұзылады. Мұндай шараны мемлекет қолға алуы тиіс.

Мамандардың айтуына қарағанда, кейде киікті ермек үшін ататын ел ағалары, жылы бөлмеде, жұмсақ орындықта оты­ра­тын шекпенділер де кезігеді екен.
Сәдібек ТҮГЕЛ, эколог:
– Мен Елбасына, Үкімет басшысына, Сенатқа, Мәжіліске елімізде аңшылық жа­сауға бес жыл мораторий жариялау жайлы үндеу жолдадым. Осы үндеуге үн қатқандардың 90-95 пайызы мені қолдады. Өкінішке қарай, бұл ұсыныс жоғары жақтан қолдау таппай отыр. Мен мұны бас пайдам үшін жасап отырған жоқ­пын, мен мұны даланың көркі болып келе жатқан аң-құстың аяусыз қы­ры­луына бейжай қарай алмағандықтан айтып отырмын. «Киік мүйізін қымбатқа сатып аламын» деген жарнамадан қазір аяқ алып жүре алмайсыз. Бұл адам­дар­ды киік атуға шақыру ғой. Ал бұған тыйым салатын заң болмай тұр. «Ар­қа­да аяз болмаса, арқар ауып несі бар» деген қазақта сөз бар. Ал қазір Арқада сол айтылған аяз да, арқар да жоқ. Се­бебі аяусыз қырып тауыстық. Ең со­ра­қы­сы, қолында билігі барлардың тік­ұшақ мініп, автоматты қарумен аңшы­лық жасап, аң-құсты аяусыз қыруына тос­қауыл болар адам да, орган да бол­май тұр.

Қыс азығын жазда қамдап үйренген қытайлар «қазақ даласында киік қалмай қалады-ау» деп алаңдады ма, әйтеуір бүгінде мүйіз қорын 80 тоннаға жеткізіп, сақтап отырған көрінеді.
Қытайдың мүйізге алаңдауы түсінікті, ал біздің киіктің киесінен қорықпай, аза­юы­на алаңдамай отырғанымыз түсініксіз.
«Мүйіз үшін киік ату – сахара сұлуының табиғи өсіміне тежеу болып отыр», – дейді мамандар. Мүйізі үшін текелерді жаппай қыру ене киіктердің қысыр қалуына әкеліп соқтыруда, нәтижесінде табиғи өсім азайып, жыл санап киік саны кеміп ке­леді.
Жоғарыда киікті сақтап қалу туралы ма­мандардың айтқан ұсыныстарын ес­ке­ріп, бүгін нақты шара қолданбасақ, араға уақыт салып, сан соғып қалуымыз ғажап емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста