КО техрегламенті талаптарына сай келмейтін антифриз сатқандарға 3 миллион теңге айыппұл салынды
Астана қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитетінің департаментіне «Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінен автокөлікке арналған салқындатқыш сұйықтықтардың 030/2012 КО ТР белгілеген талаптарына сәйкес келмейті туралы 17 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша өнімді сатушылар жауапкершілікке тартылып, 3 миллион 372 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта біздің Қазақстанда Кеден одағының «майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенті жұмыс істейді. Ол қозғалтқыштарды салқындату жүйелерінде пайдалану үшін қолданылатын салқындатқыш сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптарды айқындайды.
Аймаққа байланысты қоршаған ортаның температурасы қыста минус 40°C-тан төмен түсуі мүмкін, сондықтан мұндай аймақтар үшін кристалданудың басталу температурасы минус 40°C және одан төмен салқындатқыштарды қолданған жөн.
Кристалданудың басталу температурасына қойылатын талап салқындатқыш төмен температура жағдайында қатып қалмауы керек, өйткені антифриздер мен тосолдар жазғы және қысқы жағдайларда жыл бойы пайдаланылуы керек.
Автокөлік иелері үшін қоршаған ортаның температурасы салқындатқыштың кристалдану температурасынан төмендеген кезде радиатордың және бүкіл салқындату жүйесінің жұмысы тоқтап қалуы мүмкін екенін білу маңызды, бұл қозғалтқыш қондырғыларын жарамсыз етуі мүмкін.
КО ТР талаптарының бұзылуы негізінен екі көрсеткіш бойынша есептелген - бұл кристалданудың басталу температурасы (КО ТР бойынша минус 35°С-тан жоғары емес ) және метил спиртінің құрамы (КО ТР бойынша массалық үлесінің 0,05% - дан аспайтын) бойынша талаптар.
«Автокөлік иелеріне тауарды сатып алу кезінде бірінші кезекте өнімнің сәйкестігін растау (сәйкестікті декларациялау) туралы құжаттарды сұрату, таңбалауды мұқият оқып шығу, сапа паспортын және/немесе қауіпсіздік паспортының көшірмесін талап ету қажет. Құжаттар ұсынылмаған жағдайда автокөлік иелері Астана қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаментінің аумақтық бөлімшесіне жүгіне алады», - делінген ведомствоның хабарламасында.