Көк тулы Қазақстан көп тулы Қазақстанға айналып кетпесін

Көк тулы Қазақстан көп тулы Қазақстанға айналып кетпесін

Көпұлтты елміз деп жаһанға жар салып жүргенімізде шымкенттік гректер қаладағы Олимпиадашылар көшесінің бойындағы 7-үйдің төбесіне Грекияның жалауын желбірете іліп, жергілікті қазақтардың наразылығын тудырып отыр.

Қанат Елшібаев, Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық прокурорының орынбасары:
– Бұл мәселеге қатысты шараларды жүзеге асыруды қолға алдық. Арнайы топ жасақтап, даудың неден шыққанын тексеріп жатырмыз. Жақын арада тиісті шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Бұл істі аяқсыз қалдырмауға уәде беремін. Қанша дегенмен, бұл жерде заңсыздық орын алып отырғандығы айқын.

Бұған болмашы бір көрініс ретінде ғана қарап, жылы жауып қоя салуға да болар еді. Алайда өзге елдің туы тек сол елдің елшілігі аумағында ғана тұруын міндеттейтін заң әлемнің кез келген елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар. Айналып келгенде, бұл еліміздің рәміздерін сыйламаудың бір көрінісі. Бүгінгі таңда Шымкентте бар-жоғы екі мыңға жетер-жетпес грек ұлтының өкілдері өмір сүріп жатыр екен. Қанша дегенмен, мемлекеттің негізін құрап отырған қазақ ұлты екені рас болса, сол ұлттың жерінде өсіп-өніп отырып, ту ішінен ту тіккен грек ағайындарға айтар ренішіміз осы.

Бір кездері тарихи себептермен атақонысынан ауа көшіп келген әрбір ұлтты құшағын айқара ашып қарсы алған әлемде бір ел болса, ол қазақ халқы болатын. Кезінде Қостанайдың шағын бір ауылында тігілген неміс туы уақыт өте келе 1979 жылы «Неміс автономиясын» құрамыз деп үдере көтерілген топтың қолындағы байраққа айналғанын бүкіл ел біледі. Шымкент қазақтарының қауіптеніп отырғаны да осындай себептерге байланысты екенін айтпай-ақ түсінуге болады.

Мұхтар Мұхамбетжан, «Ел бірлігі» қоғамдық ұйымының төрағасы:
– Біздің елде мемлекеттік символдарды пайдалануды реттейтін арнайы заң бар. Онда көше бойына өзге елдердің туын бейберекет ілуге рұқсат берерліктей бап жоқ. Сірә, грек бауырларымыз ондай заң туралы тіпті білмейтін де шығар. Сонысы арқылы-ақ еліміздің заңдарын сыйламайтыны көрініп тұр. Өзіңіз ойлап қараңызшы, әр ұлт өз үйінің төбесіне қалаған туын іле беретін болса, сонда біздің мемлекеттігімізде қандай мән қалмақ? Сол себепті де мұндай мәселелерге әсте бей-жай қарауға болмайды. Бір күндері дау шығып жүрмес үшін заң аясында әрекет етіп, грек туының көше бойынан алынып тастауын талап еткеніміз жөн.

Иә, осылайша, бір елдің пұшпағын илеп отырған көпұлтты елміз деп ұрандатып жүргенде гректердің бетімізге күле қарап істеп отырғандары осы. «Ат төбеліндей аз ғана грек не істей қояр дейсің» деп жылы жауып қоя салуға да болады. Дегенмен оңтүстікте өмір сүріп отырған 400 мыңға жуық «өз ағамыз» өзбек ұлты да осындай қылық танытса, үлкен бір былықтың бой көрсетуі әбден мүмкін. Қазірдің өзінде халқының жартысын «айырқалпақтылар» құрайтын Түркістан, Сайрам секілді қалалардағы кейбір көше, мекеме атаулары өзбек тілінде жазылып жүр. Жалпақшешейліктің де шегі бар екенін ойланып жүргеніміздің артықтығы болмас еді дегің келеді. Өзімізді кішкене де болса сыйлатуды үйренейікші, елдің тізгінін ұстаған ағалар!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста