Көксарай су реттегіші іске кіріспек

Көксарай су реттегіші іске кіріспек

Кезінде көп талқылауға тап болған Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегі іске қосылып, ақпанның алғашқы күнінен бастап су қабылдауы тиіс. Бұл жөнінде облысқа іссапармен барған төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко мәлім етті.

Шымкент әуежайынан тікұшақ арқылы бірден Көксарайды бетке алған министр ондағы құрылыс жағдайымен, дәлірек айтқанда, бір-біріне жанасқан қос бөгет пен көпір құрылысымен танысты. Жалпы алғанда, Көксарай су реттегішінің толық құрылысын үш жыл мерзімде аяқтау жоспарланған. Қазір Сырдария өзенінде судың көтерілетін мезгілі. Оның үстіне, Шардара су қоймасынан секундына 600  шаршы метр су жіберілуде. Көксарай көмекке келмесе, бұл жайт жылдағы қауіпті қайталайтыны сөзсіз. 

Бірнеше мемлекеттің шекарасын қиып өтетін Сырдария өзеніне қатысты ортақ мәміле қажеті бұрыннан сезілетін. Алайда Көксарай құрылысы басталмай тұрғанда, көбінше Қазақстан тарапынан көктемде суды азайту, жазда арттыру өтінішімен көршілерге кіріптарлық көрінісі сезілетін. Ендігі жерде Сырдариямен «сырлас» көршілес үш мемлекетпен – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен терезесі тең дәрежеде сөйлесе алатын болады. Жылда ұйымдастырылатын Орталық Азияның Халықаралық координациялық су шаруашылығы комиссиясының отырысы Шымкентте өткізілуде. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Сырдария суын ортақ пайдаланудағы мәмілелерді реттестіру. Осы отырыстан кейін бірқатар ортақ келісімдерге қол қойылатын болады.
 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста