Көктайғақ, аяз: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 8-10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.
"Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі; оңтүстік, батыс аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай; солтүстікте, шығыста және орталықта – көктайғақ. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік болады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу