Көктөбеде мұражай мен киноорталық салынады

Көктөбеде мұражай мен киноорталық салынады

Көктөбедегі телеорталық мега орталыққа айналатынға ұқсайды. Келер жылы телемұнараны туризм объектісі ретінде пайдалану туралы жоба іске асырылады. Болашақта телеорталық аумағындағы саябақта табиғи мұражай, сауық-сайран мен кино орталықтары, аттракциондар және галереялар болады.
«Көктөбе» телеорталығы аумағында демалыс және спорт саябағын жасау жұмысы келер жылы басталады», – деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Модернизациялау жоспарының бас жоба­лаушысы, Дизайнерлер одағының пре­зиденті Тимур Сүлейменов. Оның айтуынша, «Көктөбе» таулары үлкен рекреациялық аймақ жасауға мүмкіндік береді. Ал маман­дардың пікірінше, инженерлік зерттеу жүргізу үшін 25 миллион теңге қажет. Жұмыс ендігі жылы қолға алынбақ. Телеорталық аумағындағы саябақта Алматының табиғи мұражайы, сауық-сайран орталығы, балалар мен жасөспірімдер алаңы, кино орталық, аттракциондар, салтанат залы, Қазақстан халықтары мәдени орталықтарының галерея­лары болады.
Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын қала басшысы «Көктөбедегі» телемұнараны туризм нысаны ретінде пайдалану туралы ұсыныс жасаған болатын. Наурыз айында реконструкциялауға қатысты келісімшартқа көлік және ком­муникация министрімен бірге қол қойылды. Келісімшартта телеорталықты жаңалау, техникалық ғимараттың фасадын жаңарту, ландшафттық аймақ құру, туристік мақ­саттарға пайдаланылатын бөлмелерді қайта жасау сияқты маңызды істер қамтылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста