Көлеңкелі бизнес кімнің көлеңкесінде отыр?

Көлеңкелі бизнес кімнің көлеңкесінде отыр?

Көлеңкедегі көшет се­кілді күй кешкенімен, тап­­қан табысы қыруар кө­леңкелі бизнестің бүгінде ай­дарынан жел есіп тұр. Қар­жы полициясы ініне су құй­ған суырдай індетіп жүріп із­деп тауып, сыбағасын бе­ріп жатқанның өзінде әзірге айы­лын жимай келеді. Заң­нан жасырып, тиындап емес, миллиардтап қаржыға ке­нелген көлеңкедегі олардың ке­сірі экономиканың нақты сек­торындағы отандық өн­дірушілерге тиіп-ақ отыр. Заты бар да, аты жоқ көлеңкелі бизнес бүгінде «басқа шауып, төске өрлеп тұр»...
Жалған кәсіпкерлікпен қарнын тойдырып, қалтасын қампайтқандарға құрылған тұзақ-тұсау құрлы болмай тұр. Контрабандалық тауарлардан бастап, салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпкерлікпен айналысу сынды көлеңкедегі бизнестің «көптүрлілігі» жыланды қырық жерден кессеңіз де, кесірткедей қауқары калатынын көрсетіп бақты.
Табанынан таусыла жұмыс іздеген пақырды жұмысқа қабылдап, содан соң кемі 10-20 күн, көбі 1 ай тегін жұмыс істетіп, «жарамайсың!» деп шығарып жібере салу да – жалған кәсіпкерліктегі алаяқтардың әрекеті. Бұл да ешкімге таңсық емес. Жұмыс күшін тегін пайдаланып, салықтан да, айлық төлеуден де оңай құтылатын көлкеңкедегі кәсіпкерлік елдің еңбегін жеп жатыр. Бұл – бер жағы. Бұлар – шабақтар. Ал шортандарының ауға түскені аз.
Бұрын жария етілген мәліметтер бұл «бейдауа» бизнес арқылы жекелеген мүдденің «мұратына» кететін ақша көлемі әлемдік жалпы ішкі өнімнің 2-5 пайызын құрайды дейді. Ал еліміз бойынша ұсталып, ашылғаны кейінгі жылдарда 3 мың 127 қылмысты құрапты. Олар 112 миллиард теңге зиян келтіріпті. Оның тең жарымы ғана мемлекетке қайтарылған болса, жарымы, аллауах­бар, жоқ.
Жалған кәсіпкерлік дегенде, көз алдымызға күн сайын ашылып жатқан зауыт-фабрикалар қаз-қатар тұра қалатыны несі екен? Арам ақшамен халықтың адал асын асап, онысы жұмырына жұқ болмай тұрған көлеңкелі бизнестің араны неткен үлкен еді?
Бүгінде еліміздегі көлеңкелі экономика үлесі жалпы ішкі өнімнің 30-40 процентін құрайды. Еуропаның өр­ке­ниетті елдерінде көлеңкелі экономиканың үлесі жалпы ішкі өнімнің 12 процентіне жетеді. Ал Еуропалық одаққа кіретін орташа даму деңгейіндегі елдерде бұл шамамен 20 процентке жуық. Дамушы елдерде 30-40 процентті құрайды. Ал ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мә­ліметіне сәйкес, еліміздегі бақылау аясына ілікпеген эко­номиканың ауқымы жалпы ішкі өнімнің 22 пайызына тең. Бірақ әр жерде бұл дерек әртүрлі ай­ты­лады. Десек те, көлеңкелі бизнестің елімізде етек жай­ға­ны аян. Бірақ оның қашан көлеңкеден көп алдына шы­ғары тағы белгісіз...
Шөп-шалам сатқан тұтылып, зауыт ұрлаған құтылған бизнес
Бұлай демеске амал жоқ. Көптеген зауыт, фа­брикаларға миллиардтаған қар­жы құ­йы­лып, ақыр соңында қаңтарылып қал­ғанын кө­ріп те жүрміз. Жобалық қуа­тына шықпақ түгіл, бір тауарын ұсына ал­май отырғандары да бар. Ал есесіне кө­ше­нің қалтарыс-бұлтарысында шөп-шалам, ше­мішке, кәкір-шүкірін сат­қан әже мен ке­дей-кепшіктерді қуып әлек құ­зырлы орындар. Өздерінше тапқан «кө­леңкелі бизнесі» баяғы.
Кей деректер бұл бизнестің бұған де­йін жыл сайын 20-30 пайызға өсіп отыр­ған­­дығын айтады. Баспасөз беттерінде жа­рия­ланған ақпараттарға жүгінсек, 2008 жы­лы 360 жалған кәсіпкерлік тіркелсе, 2009 жылы – 560, 2010 жылы 889-ы тір­кел­ген. 2011 жы­лы ол 443-ке азайған. Ал бір ғана 2011 жыл­дың өзінде мемлекетке келген зиян 33,7 миллиард теңге болыпты.
Бір басылым бетінде Гүлжан Қара­ғұ­сова «Адамзат баласының тарихына қа­ра­сақ, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен «көлеңкедегі бизнесті» түп-тамырымен жойған мемлекет те, қоғам да жоқ. Бұл екі жегіқұртты жеңу мүмкін емес. Сондықтан Жер шарындағы елдердің барлығы олар­дың деңгейін төмендетуге, яғни қылмыстық деңгейге жеткізуге күш-жігерін аямай жұмсайды. Мысалға, «көлеңкедегі экономика» мен сыбайласқан жемқорлық бар-жоғы 3-5 пайызды құрайтын Скан­ди­на­вия түбегіндегі дамыған мемлекеттерді (Финляндия, Норвегия, Дания және т.б.) алайық. Оларда мұндай жалған бизнестің айы оңынан туып тұрған жоқ. Яғни көлең­ке­дегі экономика, жалпы алғанда, ел эко­номикасының 10 пайызынан аспайтын бол­са, онда бұл іс жүзінде қатардағы қыл­мыс болып саналады. Қылмыстық әре­кет­термен күресудің сан алуан тәсілдері бар. Скандинавия елдері сондай тәсілдерді жүзеге асыруда.
Біздің еліміз де «көлеңкелі бизнестің» дең­гейін төмендету үшін бар ерік-жігерін са­лып бағуда. Заңнамалық жүйемізді ха­лықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жа­тырмыз. Қаржы министрлігінің жа­нын­да заңсыз айналыммен және ақшаның ізін жа­сырумен күресетін арнайы комитет бар. Сол комитет қандай да бір ақшаның бөлігі банктік құрылымдар арқылы шетелдерге кететін болса, екі арадағы мәміленің заңды немесе заңсыздығын тексереді. Яғни мұндай механизмдер бар. Алайда бума-бума ақшаны үлкен шабаданға салып әкететіндер де жоқ емес. Өкініштісі сол, мұндай жағдайда ешкім кедергі келтіре алмайды. Жарайды делік. Ондай алаяқтар еліміздің шекарасынан өтіп кетеді. Бірақ басқа елге барып, тағы да шекарадан өт­пей ме?.. Ондай жағдайда алаяқтықтың құй­­рығы бір-ақ тұтам екеніне көздері жетіп, бармақтарын шайнайды. Жалған кә­сіп­керлік қанатын кеңге жаюда. Ше­телдерде бұл ұғымды «кір жуғыш ком­па­ниялар» деп атайды. Яғни бұл кәдімгі арам ақшаның ізін жасыратын жерлер. Онда заң­сыз жолмен табылған арам ақшаларды жасырып, артынан заңдастырады» деп ашына айтқаны бар.
«Кір жуғыш компания» кімнің мүддесін көксейді?
Көлеңкелі экономикамен күресті же­делдетуді Елбасының өзі де баса тап­сыр­ғаны мәлім. Ендеше, бұл күресте ит­жы­­ғыс болмауы тиіс. Өйткені, былтыр жа­рия етіл­ген деректерге сүйенсек, көлеңкелі эко­но­ми­каның еліміздегі үлесі 30 мил­лиард дол­лардан асып кетіпті.
«Қаржы полициясының мәліметі бо­йын­ша, көлеңкелі экономикадағы ақша ай­налымы 30 миллиард доллардан асып отыр. Жалпы ұлттық өнімнің көлемі 2011 жы­лы 27 триллион теңгені құрады. Бұл – кө­леңкелі экономиканың жалпы эко­но­ми­кадағы көлемі 16 пайыз деген сөз. Оны заңға сәйкес жұмыс істейтін секторға шы­ғару үшін ең алдымен бизнес жүргізу те­тіктерін оңтайландыру қажет», – деп мә­лімдеген болатын былтырғы жылы «Даму» кә­сіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бас­қарушы директоры Ғабит Лесбеков.
Сонда әлемде «кір жуғыш машина» атал­ған жалған кәсіпкерлік кімнің мүддесін көк­сеп отыр? Және бұл жалған кә­сіп­кер­лік­тің түп тамырында кімдер тұр? Мәселе сон­да. Әрі-беріден соң қатардағы қа­ра­пайым адамның миллиардтаған қаржыны қажет ететін компания ашуға шамасы да, шарқы да жетпейді. Сондықтан жалған ком­паниялардың иелерін анықтап, кө­лең­келі бизнеспен күрескен жөн. Ал сол биз­не­сін «көлеңкесімен» жауып отыр­ған­дар­ды қайтпекпіз?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста