Көлік қақтығыстары тоғыз адамды опат қылды

Көлік қақтығыстары тоғыз адамды опат қылды

Еліміздің автокөлік жолдарында – тағы да ірі апат. Алматы облысының Ұйғыр ауданында жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, алты адамның өмірін қиды. Бірнеше адам қатты жарақат алып, ауруханаға түсті. Кеше Алма­ты­да тағы екі көлік түйісіп қалып, үш адам опат болды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының хабарлауынша, көлік апаты Ақсай – Шонжы – Қалжат автокөлік жолының 47,8-шақырымында болды. Mitsubishi автокөлігі МАN жүк көлігімен бетпе-бет түйіскен. Алдыңғысында 1958 жылғы жүргізуші А.Валиевпен бірге сегіз жолаушы болған. Олардың алтауы сол жерде жан тапсырды. Қайтыс болғандардың төртеуі әйел адам. Осы көлікте болған Г.Жұмашева, А.Лукин деген жолаушылар аман, түрлі жарақат алғандықтан ауруханаға жөнелтілді. Кеше Алматы қаласы аумағында тағы бір ірі көлік апаты тіркелді. Медеу ауданы аумағындағы шығыс айналма жолында Honda және Mercedes жеңіл автокөліктері түйісіп қалды. Апат орнында 30-дар шамасындағы үш әйел қайтыс болды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олар­дың арасында бір жасқа толмаған сәби де бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста