Көлікжайларды көшіріп жатыр

Көлікжайларды көшіріп жатыр

Облыс орталығының тазалығын қамтамасыз ету, көріктендіру мақсатында жасалып жатқан жұмыс шеңберінде Атырау қаласында темір көлікжайларды алып тастау жұмыстары қарқын алды.

Облыс орталығында маңызды әлеуметтік нысандар мен балалар ойнайтын алаңдар салуда жер тапшылығы проблемасы туындап отыр. Соған орай, қала әкімдігі темір көлікжайлардың дені орналасқан қала ықшамаудандарындағы заңсыз орналасқан көлікжайларды анықтап, олардың иелеріне ескерту жасау мақсатында арнайы жұмыс тобын құрып, тексеру жүргізуді қолға алды. Таяуда Вокзал маңы ықшамауданын тексеріп шыққан жұмыс тобы осы аумақтан 137 темір көлікжайды анықтап, көлікжайдың қақпаларына қағаз түрінде «алып тастау туралы» ескертулерді желімдеп кетті.

Атырау қалалық әкімдігінен алынған мәліметке сүйенсек, анықталған көлікжайлардың орналасқан жері бойынша топографиялық түсірілімдері дайындалып, олардың заңды құжаттары бары, не жоғын анықтап беру үшін қалалық жер қатынастары бөліміне сұраныс жіберілген. Құжаттары реттелмеген көлікжайларды қолданыстағы заңға сәйкес, өңіраралық жер инспекциясы арқылы алып тастауға шешім шығарылыпты.

Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшыларының айтуынша, бұл көлікжайлар сонау 90-жылдары орналастырылған. Күні бүгінде облыс орталығында демалыс алаңдарын, балабақшалар, емхана, әлеуметтік маңызы жоғары өзге де нысандарды салу үшін жер тапшы.

Қалалық әкімдік жанынан құрылған штаб бұл жұмысты маусым айында бастады. Күні бүгінде Авангард ықшамауданынан 96 көлікжай алынып тасталған. Оның отызы иелерінің келісімі бойынша жеке аулаларына апарылса, ескертулерге құлақ аспай, иесі жария етілмеген 36 темір көлікжайлар «Арнаулы көлік базасы» КМК ауласынан орын тепті. Олардың бәрін де кейін иелері алып кетуге құқығы бар. Тағы 31 көлікжайды қожайындары әу баста өз күштерімен алып кеткен.

Мұнайлы өлкенің әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуы есебінен халыққа аса маңызды әлеуметтік нысандар көптеп салына бастады. Елбасымыздың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сай биыл қалада 50 ойын және спорт алаңдарының құрылысы қарқын алды. Атырау қалалық әкімдігі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылығы жыл аяғына дейін тапсырылуы тиіс маңызды нысандардың жұмысы дер кезінде бітуі үшін қаладағы темір көлікжайларға «қырғидай» тиіп, оларды спорт және ойын алаңдары салынуы тиіс жерлерден әкету мақсатында көлікжай иелеріне, алдымен, ескерту беруде. Қала әкімдігінен алынған мәліметке сүйенсек, жалпы, алдағы уақытта құжаттары рәсімделмеген, заңсыз орналастырылған темір көлікжайлардан облыс орталығын тазарту жұмыстары кешенді жалғаса береді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста