Конституция күніне арналған үлкен концерт өтеді

Конституция күніне арналған үлкен концерт өтеді

ҚР Конституциясының қабылданғанына 17 жыл толуына орай Астана қаласында мерекелік концерт өтеді. Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері мен өнер қайраткерлері, сондай-ақ қазақ эстрадасының жас таланттары өнер көрсетеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, Астана қаласында та­мыз­дың 30-ы – Конституция күніне арналған мерекелік кон­церт өтеді. Ата Заңымыздың қабылданғанына 17 жыл толуына арналған кеш «Қазақстан» орталық кон­церт залында сағат 17:00-де басталады. Шараны ұйым­дастырушылардың айтуынша, концерттік бағ­дар­лама Қазақстанның өткені мен қазіргі нақтылығын анықтайтын тарихи жолын көрсете отырып, жарқын бо­лашағына бағыт жасайды. «Мұнда ел мерейінің ас­қақтауын тану, ел беделінің артуын қолдау идеясы бар», – дейді олар. Сонымен қатар ел намысын қор­ғап жүрген еліміздің толағайларына деген риза­шы­лықты көрсету болып табылады.  Салтанатты кон­церт­те Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мұ­хамедқызы, Азамат Жалтыркөзов, Талғат Мұ­са­баев, республикалық конкурстардың лауреаты Нұр­кен Әшіров, халықаралық конкурстардың лауреаттары  Би­бігүл Жанұзақ, Айдос Жабағин, Мейір Байнешев, Әсем Сембина, Ерлан Жандарбай, Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, танымал эстрада орын­даушылары Маржан Арапбаева, Руслан Ахметов жә­не «Жұлдыздар фабрикасы» мен «Х-фактор» жоба­ларының қатысушылары өнер көрсетеді. Со­ны­мен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының сим­фо­ниялық оркестрі мен хоры және Б.Байқадамов аты­ндағы хор капелласы да қатысады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста