Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
Тіліміздегі кейбір сөздер бір емес, бірнеше мағынаға ие. Екі не одан да көп мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер деп атаймыз. Оларды қалай қолданады және омоним сөздермен айырмашылығы жайлы материалмыздан оқыңыз.
Көп мағыналы сөздерді ғылымда полисемия деп те атайды. Олар сөздер бір сөз табынан болады және бір негізден таралады.
Мысалы, "бас" сөзі. Негізгі мағынасы — адамның басы, яғни анатомиялық мүше болса, көп мағынаға ие болғанда абстрактілі мағынада қолданылады.
Мысалы, әңгіменің басы, жиналыстың басы, жолдың басы т.б. Осы жердегі "бас" сөзі бір негізден таралып, бір сөз табынан болып тұр.
Ал "жерді бас" деген мысалда етістік болып тұр, ол да көп мағыналы сөз бе деген орынды сұрақ туындаса, бұл жерде етістік мағынасындағы "бас" пен зат есім болып тұрған "бас" — омоним сөздер. Көп мағыналы сөз бен омонимдердің айырмашылығы осында.Яғни, көп мағыналы сөздер омонимдер сияқты бір негізден тарамайды, бір сөз табынан болмайды.
Омонимдер туралы толығырақ мына мақаламыздан оқи аласыздар.