Корей диаспорасы кеңпейіл қазақ халқына алғыс айтты

Корей диаспорасы кеңпейіл қазақ халқына алғыс айтты

Корей диаспорасы кеңпейіл қазақ халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақастан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды – Алғыс айту күні деп белгілеген болатын. Осыған байланысты бүгін Қаратал ауданының Бастөбе жотасының бөктерінде барша жер аударып келген кәріс ұлтының алғысын білдіретін «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументтің жанында салтанатты митинг болып өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шара аясында құрбан болған азаматтардың рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды. Салтанатты ашылуда сөз алған өңір басшысының орынбасары Бахтияр Өнербаев:
- Қазақстан халқы биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығында алғашқы рет Қазақстан халқы Ассамблеясының күнімен тұспа-тұс келген Алғыс күнін атап өтуде. Бұл күнді ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен бірлікті нығайтып, көмек қолын соза білген жандардың бір-біріне алғыс айту күні ретінде түсіну қажет. Барша қазақстандықтар үшін бір-біріне мейірімділік пен достық сезімін қалыптастырып, бір-біріне құрметін білдіруде бұл мерекенің орны ерекше болмақ, - деді.
Осыдан кейін сөз алған Қаратал ауданының Құрметті Азаматы М.Гвак, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А. Идигов, этномәдени бірлестіктің құрамындағы күрт мәдениетінің белсендісі Г.Аслаханоглы өз сөздерінде тағдырдың тәлкегіне ұшырап, жер аударуға мәжбүр болған ұлт өкілдерімен бір нанды бөлісіп жеп, үйіне паналата білген дархан көңіл, кең пейілді, қонақжай қазақ еліне шексіз алғыстарын білдірді.
Шара барысында аудандық мектеп оқушылары «Қазақ халқына тағзым» атты әдеби-шығармашылық композиясын қойды.
Салтанатты шара аудандық Мәдениет үйінде өнер ұжымдарының әзірлеген концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста