Коронавирус: еліміздегі мешіттер қасиетті Қадыр түнінде де жабық болады
Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сондай-ақ, ол 18 мамырда мешіттердің барлығы бірдей ашылмайтынын айтты. Құлшылық орны тек эпидемиологиялық жағдайы тұрақты аймақтарда ғана есігін ашады.
Мешітке кіру тәртібі де бекітілді. Мысалы, құлшылық жасаймын деушілерге таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейінгі шектеулі уақытқа кіруге рұқсат. Бұл ретте, неке қиюға 4 адам, ал құран оқытуға 10 адамның бірге кіруіне болады.
Айта кетсек, қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 100 мыңға жуық отбасыға қайырымдылық жасады. Сонымен қатар, «Зекет» қорының ұйымдастыруымен тасқыннан зардап шеккен Мақтарал халқына көмек ретінде Түркістан әлеуметтік даму қорына 10 млн теңге аударды. Алдағы уақытта зардап шеккен 2 отбасына 2 үйдің кілтін табыстамақ ниетте.