Көз жұмған жанның жүрегін тіріге беруге неге үрке қараймыз?

Көз жұмған жанның жүрегін тіріге беруге неге үрке қараймыз?

17 миллион халқы бар Қазақстанда 4 мыңнан аса адам түрлі дене мүшелерінің кезегінде тұр. Жыл сайын шамамен 150 адамның жүрегін ауыстыру керек. Ағза мүшелері істен шыққан 1200 адамға – бауыр, 2 мың адамға бүйрек салу қажет. Күн санап көбейген бұл сандардың астары – нақты адамның өмірі.
Қатал дерттің қарауылына тағ­ды­ры ілінген талай жан аңсаған ағза мү­ше­сіне қол жеткізе алмай, көз жұмды. Енді бірі отандық орталықтардан үмі­тін үзіп, шетел асқан. Пәкістан мен Қы­тайдан операция жасатып, жаңа орган орнатып келгендер көбейіп жа­тыр. Дегенмен «әр адамның ағзасы – өз алдына қайталанбас бір әлем. Сон­дықтан жаңа мүшені жатсынбай қа­был­дап кетуі екіталай. Қабылдаған жағ­дайда әрі қарай ғұмыр бойы қорғаныш қабілетін бір қалыпта ұстай­тын дәрі-дәрумендердің көме­гіне жүгіну керек» дейді мамандар. Бұл – мәселенің медициналық жағы. Ал, жал­пы, қазақ қоғамы донор болу деген ұғым­ның өзіне үрке қарайды. Қара­пайым қан беруден қашатын адам күні ертең бөгде біреуге бүйрегін немесе бауырын бере қоя ма? Жү­ректің жайы тіпті ерекше. Жалғыз жү­рек­ті тірі адам­нан ешкімнің алуға құқы жоқ. Олай болса, жазатайым көз жұмған немесе апаттан қаза болған жандардың жү­ре­гін науқастарға транс­план­та­циялау – ұтымды ұсыныс. Әрине, өзінің көзі тірі­сіндегі келісімі не­месе марқұмның тума-туыс­та­ры­ның мақұлдауымен жүзеге асуы шарт.
«Өмірден өткен адамды мәйіт ре­тінде пайдалануды көпшілік арасында кеңінен насихаттаған дұрыс. Өйткені бұ­ған жұртшылық арасында үрке қа­рай­­тындар көп. Ал бұл – адамгершілік жа­ғынан алғанда маңызы зор игі іс. Ағза мүшелерін саудалайды деген мә­се­­леге келетін болсақ, оқта-текте ондай жарнамалар шығатыны рас. Бірақ бұл жерде ескеретін жағдай – «де­не мүшемді беремін» деген кез кел­ген адамның бүйрегі не бауыры жарай бермейді. Мәселен, жүрек қай­тыс болған адамнан ғана алынады және ол донордан рецепиентке 4 са­ғат­тың ішінде ауыстырылып үлгерілуі керек. Әрі донор мен рецепиенттің ара­­сында қан тобының, типтік ана­лиз­де­рінің нәтижесі сәйкес келуі мін­детті. Сәйкес келмеген донорлық мү­шені ре­цепиенттің ағзасы қа­­был­­да­майтыны өзінен-өзі түсінікті. Тағы бір айтайын дегенім, еліміздегі «Транс­плантология тура­лы» заңды же­тіл­діру керек. Одан бөлек, до­нор­лық­қа қатысты ислам діні­нің өзіндік қағидаттары бар.
Оның үстіне бізде осы мәселеге қатысты заңдар да нақты айтылып, көрсетілмеген.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Мысалы, апатқа ұшыраған адам­­ның сау ағзасын ол қайтыс бол­­ған­нан кейін тез арада пайдаға асыр­маса, кейін ол жарамсыз болып қалады. Ал қазіргі заң бойын­ша, қайтыс болған адамның ағза­сын алу үшін оның өзі өлер алдында жаз­ба­ша түрде рұқсатын беруі тиіс немесе ол қайтыс болғаннан кейін оның жақын-жуық­­та­ры­нан жазбаша рұқсат алу керек. Біріншіден, қайғыдан қажып тұрған кісіден оны сұрау қиын. Екіншіден, оның рұқсаты бол­ған күннің өзінде тиісті құжатын нота­риус арқылы рәсімдеп алғанша, ағзаның пай­далану мерзімі өтіп кетеді. Міне, ағза ауыс­тыру жөніндегі заңда осы сияқты уақ-түйек нәрсенің бәрі ескерілуі тиіс. Айтуға оңай болғанымен, адам өмірін сақтауда осын­дай уақ-түйектің өзі маңызды екенін естен шығаруға болмайды», – дейді БҚО ден­саулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Мәншүк Құдайбергенова.
Сабырғали ШӘКІМОВ, дінтанушы:
– Негізі, ата дініміз адамның дене мүшесін сатуға үзілді-кесілді қарсы. Бірақ адам көз жұмар алдында өз ағза­сы­ның бір мүшесін екінші біреуді ажал­дан арашалап қалу үшін беремін деп өсиет қылса, онда жөн басқа. Онда да тек адамның өз рұқсаты мен ықтия­ры болуы тиіс.
Жалпы, көп жағдай қоғам мен заң­ға, моральға да байланысты. Қазіргі таң­дағы трансплантологиядағы күрделі жағдай дін өкілдерін де ойландыруда. Кейбірі, тіпті, донор болып жатыр. Хрис­тиандар мен католиктер бұл мә­се­ле­ге түсіністікпен қарауға қарсы емес.
Қазір облыс бойынша 86 адам бүйрек ауыстырып салу операциясын қажет етеді. Бәрі де донор проблемасын бастан кешіріп отыр. Ол шешілмегендіктен, адамдардың өмі­рін ұзарту үшін медицина амалдары қол­данылады. Мәселен, біздің облыстағы со­зыл­малы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастар жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Ондай аппараттың қыз­меті облыстық клиникалық ауру­ха­на­­да көрсетіледі. Науқастар аптасына үш мәрте жасанды бүйректің қызметіне жүгіну ар­қылы ағзасын тазалатады. Бұл — гемо­диа­лиз әдісі.
Любовь АГЕЕВА, БҚО облыстық ауру­ха­насы ревматология-нефрология бөлім­ше­сінің меңгерушісі:
– Адамның жұмыс істеуге қабілетсіз ағза мүшесін ауыстыру – өте күрделі мәселе. Біз, облыстық клиниканың дәрі­герлері есепте тұрған науқастарды денсаулығына қарай емдейміз, ба­қы­лауда ұстаймыз. Қажетті донор таба алмағандықтан, бұл науқастар әзірге бүйректерін жасанды қондырғы арқы­лы тазартып (гемодиализ) алып жүр. Ауыстыратын ағзаны, негізінен, нау­қас­тың өз туысынан алғаны дұрыс. Себебі ағ­засын беретін адам мен ағзаны қабылдап алатын адамның қан тобы мен резус-факторы және басқа да жағ­дайлары сәйкес келуі керек. Ал мұндай сәйкестіктер ілуде бір кездеседі. Мы­са­лы, Белоруссияға барып, өз ақшасына ауыстырғысы келген бір науқасымыз өзіне сәйкес келетін бүйрек таба алмай, екі жылдан бері қиналып жүр. Оған бүйрек ауыстырудың сәті қашан түседі, ол жағы да белгісіз...

Соған қарамастан, Жайық өңірінде бүйректерін сәтті ауыстырған сегіз адам бар екен. Біреуі мұндай күрделі опера­ция­ны Ресейдің Саратов қаласында жасатса, қалған жетеуі бүйректерін Қытайға барып ауыстырыпты. Бұлардың ағзаны арзан қаққа ұсынып жүрген «делдалдарға» қаты­­сы жоқ. Қазіргі таңда олардың ден­сау­­лықтары жақсы, ауруханада арнайы есепте тұр. Белгіленген мерзімде дәрігерлік ба­қылаудан өтіп, тиісті ем-домдарын алуда.
Марат НҰРҒАЛИЕВ, гемодиализ бөлімінің дәрігері:
– Облыстық клиникалық ауруханада гемо­диализ бөлімінің жұмыс істей бас­тағанына он жылдан астам уақыт өтті. 19 аппарат бар. Гемодиализ кезінде атал­мыш аппараттың сүзгілеу жүйесі ар­қылы адам қаны тазартылып, тазар­ған қан науқас ағзасына қайта барады. Бұл адам өмірінің ұзаруына едәуір себепші. Бүгінгі таңда бүйрек қызметі бұзылған 86 адам осында келіп, ем-домын алып жүр. Қажетті құрал-жаб­дықтармен толық қамтамасыз етілген палаталарда науқастар аптасына үш реттен гемодиализ алады. Төрт сағатқа созылатын бұл сеанстың әрқайсысы шамамен 26-28 мың теңге тұрады. Бағасы удай қымбат сеансты 86 адам аптасына үш мәрте келіп алғанда, бір айда бір науқасқа мемлекет тарапынан қанша қаржы жұмсалатынын өздеріңіз есептеп көріңіздер. Адами құндылықты жоғары бағалайтын мемлекет қана осын­дай шығындарға барады деп есеп­теймін.

Гемодиализ бөлмесінен шыққан соң, бір айда бір науқасқа жұмсалатын қаржы көлемін есептеп көрдік. Егер бір сеанс 26-28 мың теңге тұрса, оны үшке көбейткенде әр науқасқа аптасына 78-84 мың теңге шамасында қаржы жұмсалады екен. Ал бір айда төрт апта бар десек, жаңағы сан­ды төртке тағы көбейтеміз. Сонда әр нау­қас­қа бір айда жұмсалатын қаржы көлемі шамамен 336 мың теңгені құрайтын бол­ғаны. Осыған қарап облыстық клиникалық ауруханада гемодиализ алып жүрген 86 науқасқа қанша қаржы бөлініп отырғанын есептеп шығаруға болады. Біз бұл жерде, әрине, кеткен шығынды есептеуді мақсат тұтпадық. Тек қыруар қаржы науқасты то­лық сауықтырмай, өмірін сәл де болса ұзартатыны өкінішті. Дәрігерлер жарамсыз ағзаны емдегеннен гөрі оны ауыстырған тиімді екенін алға тартты. Олай болса, бауырына бауырын немесе бүйрегін беру­ге біздің қоғам әзір ме?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста